10 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – «қызыл», Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары – «сары», «жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.
Ал Шымкентте 9 ақпан күнге коронавирустың 37 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 29, белгілері жоқ – 8). 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 578 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 205 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 130 төсек-орын бар, 24 науқас ем қабылдап жатыр.
Шаһарда вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген вакциналар «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V)», «Hayat-Vax», «QazVac», «CoronaVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ), «Спутник-Лайт» қолданылуда.
–Коронавирустық инфекцияға қарсы күрестің ең тиімді және қауіпсіз жолы – вакцинация. Ұлыбритания, Дания, Германия, Израиль сияқты дамыған елдер халықты 80% вакциналаумен қамту және ұжымдық иммунитетті қалыптастырумен бүгінгі күні карантиндік режимді шектеулердің барлығын алып тастады. Бұл елдерде балалар 5 жастан бастап вакцинациялаған. Әрине, ұжымдық иммунитетті ауырғандардың есебінен қалыптастыруға болады. Бірақ, бұл жағдайда адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болады және коронавирустың мутациялануына көбірек жол беріледі, - дейді Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Тұрымбетова.
Қазіргі таңда вациналау жұмыстарын жүргізу үшін Шымкентте 45 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде.