Елдімекен тұрғындары спорт алаңшаларының жоқ екенін және жолдардың сапасы жөнінде шағымдарын жеткізді. 5 мыңға жуық халық тұратын елдімекенде биыл 5 стадион мен бірқатар жол құрылыстарын жүргізу жоспарланған.
– Жалпы, жол салу жұмысы қажеттілікке қарай жүргізілетінін түсіну керек. Мәселен, 2000 адам жүретін жол мен 200 адам жүретін жол болса, біз, әлбетте, көп адам жүретін, маңызды жолға басымдық береміз. Ал қалған жолдар кезең-кезеңімен, жоспарға сәйкес атқарылады, – деді қала әкімінің орынбасары.
Кездесуде тұрғындар спорт алаңы ретінде жекеменшік иеліктегі бос жерді пайдалануды ұсынды. Жер учаскесінің иесіне жағдай түсіндіріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жобаны жүзеге асыру келісілді.