ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ Избранное

Среда, 03 Февраль 2021 04:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2887 раз

Шымкент қаласындағы Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.

603

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты.
Нысанның ұзындығы Қонаев даңғылы бойынша бір шақырымды, Рысқұлов көшесі бойынша 0,7 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгінгі таңда мұнда 3,3 шақырым су, газ құбырларының орнын ауыстыру, тоннел қазу, 60 метр тіреу қабырғаларын құю, 7 бағана орнату және 75 қада құю жұмыстары орындалды.
Сонымен қатар, аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.
Қала әкімі атқарылған жұмыстарды көріп, сала басшысына көлік кептелісі секілді қолайсыздықтар шешімін табу үшін нысанның құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.