Дәлірек айтқанда, оларға көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеген.
Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен еріктілер "Абай" саябағы аумағын тазалады. Арық-атыздарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жолдарды сыпырды. Абай
Құнанбайұлының ескерткішін жуып-тазалады.
– Тазалық акциясы қаланың басқа да аумақтарында өтті. Қоғам белсенділері, жастар, ерктілер тазалық акциясына белсене қатысты. Акция алдағы апталарда да жалғасады, – деді Еңбекші ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бауыржан Серікбай.
Абылай ОРАЗАЛИЕВ