ӘСКЕРГЕ БАР, АЗАМАТ! Избранное

Среда, 10 Апрель 2024 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 620 раз

Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды. Биыл көктемгі науқанда 948 азаматты әскер қатарына жіберу көзделген. ҚР Қарулы Күштерінің десанттық шабуылдау әскерлеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті.

asker

 

Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты.
Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
– Алматы қаласында орналасқан 61993 әскери бөліміне қаладан 50 сарбазды жіберу міндеттелген. Бұған дейін 25-ін аттандырған едік. Мінекей, бүгін тағы
25 азаматты шығарып салып тұрмыз. Сапқа тұрып, сарбаз атану, қолға қару алып, әскери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан-жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Ата-аналарыңыздың сенімін ақтаңыздар, – деді Әбдіғабит Құрбанұлы.
Сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті.
Өткен жылғы есеп бойынша қаламызда 2023 жылы 1856 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылып, жоспар 104 % -ға орындалған.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.