Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Мереке күні Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Тұрғындар көптен күткен қуаныштарын балаларымен бірге тойлады. Аулаға жиналған бүлдіршіндер әткеншек теуіп, сырғанап мәз-мейрам. Аниматорлар балаларға сыйлық ретінде доп және тәттілер үлестірді.
–Тұран ауданының әкімдігі балалар мерекесіне үлкен сыйлық дайындады. Балалардың болашағы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға тұрғындардың атынан алғыс айтамын, – деді Тұран ауданының тұрғыны Меруерт Мұсағалиева.
Айта кетейік, балалар алаңшасының құрылысын «Тұран-ГГ 2007» компаниясы жүргізді. Көп ұзамай Ақжар, Арғымақ, Құрсай , Қазығұрт шағынаудандары және 112 орамда да балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады.