Отбасының да, Отанның да өнегесі
Среда, 19 Май 2021 03:51Шымкентте қоғамдық іс-шаралардың бел ортасында жүретін ақ жаулықты апаны жиі көреміз. Көбіңіз көріп, біліп те жүрген шығарсыздар. Шарапат Құрманбекованың аты-жөні әсіресе, миллионды қаланың ардагерлері арасында жақсы танымал. «Ақтілек», «Шашу», «Асыл әжелер» топтарындағы өзі құралыптас ақ әжелерді қасына ертіп алып, ауылдың алты ауызынан жіберіп, бірде әскери бөлімшелерге «Әжелер дәмін» апарып, тағы бірде «Батагөй қария» байқауын ұйымдастырып, шапқылап жүргені. Қашан көрсең де, тың, бабында. Өз төрінен төмендемей, сыны мен сыйын қашырмай, өскелең ұрпаққа өнегенің үлгісін көрсетіп жүр.
Ақтаңдақтар ақиқаты
Пятница, 14 Май 2021 04:00Саяси қуғын-сүргін құрбандарының саны 7277-ге жетті
Еліміз бойынша Шымкентте жалғыз саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі бар. Қасіреттен қасиетке айналған киелі орынды тек музей деп емес, ғылыми орталық деп айтуға да болатындай. Бұлай деуімізге себеп, аталған мекеме қызметкерлері тың жаңалық ашып отыр. Осыған дейін Түркістан облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылғандар саны 2500 деп айтып келсек, бүгінде бұл цифр өзгерді. Бұл туралы Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира СЕРІКБАЕВАМЕН арнайы сұхбаттастық.
Шымкент қайырымды істердің көш басында
Пятница, 14 Май 2021 03:44Қаламызда 30 күн оразаның әрбір күні сауапты істермен өрілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Рамазан – қайырымдылық айы» деп ұран тастап, қайырымды қаланың тұрғындары бұл бастаманы іліп әкетті. Қайырымды азаматтар ораза ұстаған жандарға және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығын үлестірді.
1226 талапкер тестілеудің бірінші мүмкіндігінен өтті
Среда, 12 Май 2021 05:41Биылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті. Бұл ретте, тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады.
ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ТӨЛЕНДІ
Среда, 12 Май 2021 05:38Шымкентте ақпараттық коммуникациялық орталығында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер және ағымдағы жағдай туралы брифинг өтті.
МИЛЛИОНДЫ ҚАЛА – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Среда, 05 Май 2021 04:42ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Айгүл Қаппарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, қаладағы бірқатар нысандарды аралады.
ОТТЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ӨШПЕС ШЕЖІРЕСІ
Среда, 05 Май 2021 04:37Ұлы Отан соғысына 76 жыл толса да, қасірет пен құпияға толы бұл тақырып әлемдік және отандық тарихтың құрамдас бөлігі ретінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұған дейін ҰОС тақырыбына іргелі зерттеулер тынбастан жүргізілгенімен, соғыстың ақтаңдақ беттері ашылды деуге әлі де ертерек.
Төртінші тоқсан, ҰБТ: не өзгеріс бар?
Пятница, 02 Апрель 2021 04:03Шымкентте жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары IV тоқсанды сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай, аралас форматта оқытылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингінде мәлімдеді.