МИЛЛИОНДЫ ҚАЛА – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА Избранное

Среда, 05 Май 2021 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1355 раз

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Айгүл Қаппарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, қаладағы бірқатар нысандарды аралады.

740

 

ран шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үй құрылысымен және бас жоспарға сәйкес инженерлік жүйелермен танысты.
Халық қалаулылары бұған дейін аталған шағынаудан тұрғындарынан тұрғын үй сапасына қатысты бірқатар арыз-шағымдар түскендігін назарға ала отырып, сала мамандары мен мердігер компания құрылысшыларына бірқатар сауалдар қойды.
–Миллионды қала атанғалы тұрғын үйге сұраныс артып келеді. 42 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтың баспаналы болуы алаңдатады. Шаһар басшылығының 2021 жылы 500-ден астам көпбалалы отбасыға, 600-ден астам әлеуметтік осал топқа пәтер берілетіндігін жеткізді. Яғни, биыл 1000-нан астам пәтер кілті тапсырылады. Пандемияға қарамастан Шымкент қаласында құрылыстың қарқыны тоқтаған жоқ. Ипотекалық үйлердің саны көбейген. Құрылысшылармен кездесіп, сапаға мән беруін тапсырдық. Тұрғындар айтқан олқылықтардың бәрі жойылыпты, - деді Айгүл Жарылқасынқызы.
Одан кейін жұмыс тобы Әл-Фараби атындағы жеке меншік білім ордасына табан тіреді. Естеріңізде болса, Шымкенттегі «Оңтүстік қабылдау үйі» мейрамханасы алғашқылардың бірі болып жаңа оқу жылының басында жеке меншік мектепке айналған еді. Мұнда қазір 1300 бала білім алып жатыр. Парламент депутаттарына қаладағы білім беру ұйымдарының ахуалын баяндаған білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева биыл 32 мектептің құрылысы басталғанын тілге тиек етті.
–Шаһарда 35 жекеменшік мектеп бар болса, оның 29-ы жан басына қаржыландырумен білім беріп жатыр. Қалған 6-ы ақылы. Бұдан бөлек, 14 үш ауысымды, 1 апатты мектеп бар. 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 20-сы пайдалануға берілді. Төртеуі мемлекеттің, қалған 16-сы инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Алдағы бес жылдықта жаңадан 72 мектеп салып, 68 500 орынмен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Ал мектебі жоқ елдімекен саны 13-тен 11-ге түседі, - деді Ж.Тәжиева.
Осы орайда басқарма басшысы Сенат депутаттарына мынадай ұсыныс-уәжін де келтіре кетті. «Үкімет бекіткен №64 қаулыға сәйкес «мемлекеттік білім ұйымдарының балалары ыстық тамақпен 1 рет қамтамасыз етіледі» деген жолдағы «мемлекеттік» деген сөзін алып тастаса, жеке меншік мектептегі балалар да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болар еді» деді Жанат Арысбекқызы.
Жұмыс тобы ат басын бұрған үшінші нысан – қалалық №2 аурухана. Депутаттар аталған ауруханада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан былтырғы жылдың тамыз айында көріп кеткен болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ауруханаға 1 КТ, 1 ангиограф және 1 цифрлық рентген аппараты орнатылған.
Қаламызда ашылған 3 инсульт орталығының бірі осы қалалық №2 ауруханасының базасында ашылған. Ал жүрек қан-тамырлары ауруларын дер кезінде, еш қиындықсыз анықтайтын ангиограф аппараты Қазақстан бойынша тек осы ауруханада бар.
–Заманауи ангиограф аппараты күн сайын қаншама шымкенттіктің өмірін инсульттан сақтап қалуда. Әр түрлі позицияда түсіретін «Аполло» рентген аппараты да еліміз бойынша бізде ғана бар. Бұл құрылғылардың бәрі де мемлекеттің медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша тегін қызмет көрсетеді, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
– №2 ауруханада былтыр күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда, құрылыс барысымен танысқан болатынбыз. Үлкен өзгерістер орын алыпты. Әсіресе инсульт орталығы халық денсаулығын жақсартуға, ауру-сырқаудың алдын алуға қызмет етіп жатыр. Мұның бәрі қала тұрғындарына ауадай қажет нәрсе деп есептейміз, - деді
Нұрлан Құдиярұлы.

743


Сенат депутаттары Шымкент қаласында бала туудың өсуіне байланысты 400 төсек-орынды перинаталдық орталық салу қажеттілігін де қойын дәптерге түртіп алды. Осылайша үш бірдей нысанды аралап, жағдайымен танысқан шенеуніктер жергілікті халықтың арыз-шағымы бойынша атқарылып жатқан істердің орындалу барысын бақылады. Шикі тұстарына тоқталды, біткен іске бағасын берді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.