БИЫЛ 14 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Среда, 24 Апрель 2024 06:45

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы барлық көрсеткіш бойынша өсім болған. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат МЕКАМБАЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.

BrifAu

Шымкент қаласында алдағы уақытта қоқыс полигоны аумағынан қоқысты қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталмақ. Қазіргі таңда шетелдік инвесторлар ұсыныс білдіруде. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

ТУРИСТ КӨП КЕЛУ ҮШІН

Среда, 24 Апрель 2024 06:41

баға қолжетімді, қызмет сапалы болуы керек

Батыс Еуропа - Батыс Қытай күре жолы бойында орналасқан Шымкент – туризмді дамытуға өте қолайлы қала. Түркі жұртының рухани астанасы атанған Түркістанға, Алатау, Қаратау мен Қазығұрт тауларының тұмса табиғаты аясында орналасқан түрлі демалыс аймақтарына, Ақсу-Жабағылы қорығына, Сарыағаштағы шипажайларға, тіпті көрші Өзбекстанға келетін жұрт алдымен Шымкентке аяқ басады. Ал, сырттан келген қонаққа не көрсетіп, не ұсына аламыз?

Turist-1

Шымкентте туризм және мейрамхана ісін дамытуға қатысты семинар-тренинг өтті. Бұл жолы спикер ретінде Украинадан мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы Денис Мельниченко мен ҚР Өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының төрағасы, тамақтану қызметі бойынша сарапшы Вероника Нурпеисова келді. Семинарды «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Bilmegen

«ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ»

Среда, 24 Апрель 2024 04:39

«Театр киім ілгіштен басталады» деген Станиславскийдің сөзі бар. «Отан - отбасыңнан басталады» деген қанатты сөзден туған нобай ғой. Отан - ел, жер, мықты, қуатты мемлекет. Ол тек экономикалық, саяси жағынан ғана емес барлық жағынан мықты болмаққа керек.

Tazalik-1

Шымкентте дүниежүзілік жер күніне орай семинар өтті. ASA жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өткен семинарға 40-қа жуық жас қатысып, қазіргі климаттық жағдайдың бұзылуы жөнінде дәріс тыңдады. Қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алу туралы ой бөлісіп, түс қайта дендробақта ағаш егу дәстүрімен жалғастырды.

TalEgu

Шымкент қаласы Дін басқармасының ұйымдастыруымен қала жастары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Noextremism, Noterrorism» акциясы өтті. Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент көпсалалы колледжінде болып, жастарға қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық шараларын жүргізуде.

Атақты суретші Леонардо Да Винчиді білетін боларсыз. БЦП диагнозы қойылған солақай суретші – әлемге танымал Мона Лиза картинасының авторы. Дәл осындай ерекше жандардың ішінде есімі әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік: Моцарт, Эйнштейн, Мария Кюри, т.б.

Страница 18 из 819