Өзбек этносының мәдениеті күні аталып өтті
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:43Шымкент қаласының Абай саябағында Өзбек этносының мәдениеті күні салтанатты түрде аталып өтті. Айтулы іс-шараны Шымкент қалалық ҚХА қолдауымен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы ұйымдастырды.
ЛУДОМАНИЯ ОЙЫН-САУЫҚ ЕМЕС, ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІНДЕТІ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:38Түрлі ойындарға ақша тігіп, өзін тоқтата алмау – бұл ойынқұмарлықтың бір белгісі. Мұның салдарынан біреу баспанасынан, көлігінен, тіпті ең жақын адамдарынан да айырылып жатады. Әлемді жайлаған бұл індетті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2017 жылы «лудомания» деп атауды ұйғарған. Осы әлеуметтік дертпен күресті күшейту мәселесі біздің еліміз үшін де маңызды.
Оңалтуға қатысты мәселе ортақ талқыланды
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:49Шымкент қалалық Әділет департаментінде Адам құқықтары жөніндегі өкілдің қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосуда ерекше бала тәрбиелеп отыған аналардың әлеуметтік қамтамасыз ету мен оңалту шараларына қатысты мәселелері талқыланды. Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қалалық филиалы басшысының орынбасары Т.Дауытов, психикалық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері арнайы шақырылған.
ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ДАУЫН ШЕШУДІҢ РЕТТІЛІГІ БАР
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:45Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының медиаторы Еркін Отарбаев еңбек дауларын оңтайлы шешудің жолын түсіндіріп берді.
Бақытты отбасы – бақытты жан
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:42Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қоғамда отбасы институтын нығайтуда «Бақытты отбасы – бақытты жан» жобасы қолға алынды. Жаңа жоба аясында отбасы құндылығын нығайту, ата-ана мен бала құқығының сақталуы, өзара сыйластық, қарым-қатынасты сақтауда психолог пен заңгер мамандардың қатысуымен мазмұнды басқосулар ұйымдастырылып келеді.
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ – ҚАЙЫРЛЫ ІСТЕРДЕ КӨШБАСШЫ
Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:59«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бүгінге дейін 156,9 млрд теңге қаржы жиналып, оның 49 млрд теңгесі көзделген қайырымдылық бастамаларды қаржыландырған. Ал, Шымкент қаласында қор арқылы 4,7 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылыпты. Бұдан бөлек қордың көмегімен қандай қайырлы істер жүзеге асқаны туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева Шымкент қаласында өткен арнайы дөңгелек үстелде толық баяндап берді.
ЕҢБЕК КҮНІ АУҚЫМДЫ ФОРМАТТА АТАЛЫП ӨТЕДІ
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:46Биыл «Еңбек күні» мерекесінде әртүрлі салада қызмет етіп жүрген үздік мамандарға мемлекет деңгейінде құрмет көрсетіледі. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін мерекені Шымкент қаласындағы ұйымдастыру барысын мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде баяндады.
Жүрекке жеткен қойылым
Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:26Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 41 маусымның шымылдығын «Кейкінің кегі» қойылымымен ашты. Премьераға қойылымның авторы Абылай Мауданов Қостанайдан арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қойылым 1916 жылы Торғай өңірінде ұлт-азаттық көтерілісінің алғашқы күндерінен белсене араласқан, көтерілісшілердің негізгі күші – мергендер жасағын басқарған Кейкі Кәкімбайұлы жайында.