БАС ЖОСПАР: ШЫМКЕНТТІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ АЙҚЫН
Среда, 17 Январь 2024 05:05Шымкент республикалық маңызға ие қала мәртебесін алғанына биыл алты жыл толады. Осы уақыт аралығында шаһардың әр шағынауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алып, жаңа жолдар салынып жатыр. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер, сәулеті көздің жауын алатын ойын-сауық және сауда орталықтары қаланың сәнін келтіріп, жылдан-жылға тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы, инфрақұрылымы ыңғайлы мекенге айналып келеді. Шаһардың құрылыс, жоспарлау, жобалау жұмыстарына жауапты қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков баспасөз брифингінде өткен жылды қорытындылады.
САЛЫҚҚА АДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТАДЫ
Среда, 10 Январь 2024 04:07Еліміздің салық саясатындағы өзгерістерді ел тосырқай қабылдады. Жүйедегі өзгерістер жайында алдын-ала айтылғанымен, әлі де түсіндірме жұмысын талап ететін тұсы көп. Бірі «мобильді қосымша арқылы төлем жасайтын болсақ, салық салады» десе, кейбір дүкендер онлайн аударымнан бас тартып, қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етті. Салық жүйесіндегі жұртты толғандырған осы және өзге сұрақтарға Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов пен осы ұйымдағы өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қадіржан Панбаев түсініктеме берді.
ДЕПУТАТТАР ЕЛ ІШІНДЕ
Среда, 10 Январь 2024 04:04Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып келеді. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарованың Шымкент қаласына жұмыс сапарында тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асып, оның шешімін ортақ талқылады. Сенаторлар алдымен қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және ардагерлермен кездесті.
Сұлулық пен саулықтың сыры – ұлуда
Пятница, 05 Январь 2024 05:32Тағы бір жыл тарих қойнауына сүңгіп, күнтізбе бетінде жаңа жыл, жаңа апта басталды. Әр жылдың өзіне тән ерекшелігі болады. Халық арасында ұлу бейбітшілік, тоқшылық, молшылық жылы деген сенім бар.
БАБЫН ТАПСАҢ, БАЛЫҚТА ДА БАЙЛЫҚ БАР
Пятница, 22 Декабрь 2023 05:25Ел экономикасында бизнестің тұрақты көзі болатын саланың бірі – ауыл шаруашылығы бағыты. Бұл сала жайында сөз қозғағанда мал мен егін шаруашылығы бірден ойға оралады. Алайда біз балық шаруашылығы жөнінде тарқатпақпыз. Өйткені, біздің еліміз балық қорына бай. Ресми ақпараттарға сүйенсек, Каспий теңізін қоспағанның өзінде су тоғандарының жалпы ауданы 5 млн гектар шамасында. Бұл аумақтарда балық өсіру мен балық аулауды дамытуға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Кеңес одағының тұсында республикада арнайы балық шаруашылығы министрлігі құрылып, жүйеге келген мемлекеттік саясат қалыптасқан еді. Сол уақыттарда балық аулау мен балық өндірісінің көлемі 100 мың тоннадан асқан екен. Балық өндірісі арқылы адамдар тұрақты жұмыспен қамтылып, табысты еңбек етті.
Шымкент-Цирк жаңа жобалармен жаңа биіктерге
Четверг, 21 Декабрь 2023 10:40«Цирк» дегенде ең алдымен көз алдымызға балалықтың бал дәурені келеді. Әуені бағындырған акробаттар, күлкі сыйлайтын сайқымазақтар, жан-жануарлардың тілін тапқан бапкерлер, ат құлағында ойнайтын шабандоздардың дайындаған көріністердің арғы жағында қаншалықты қауіп-қатердің жатқанын көп адам біле бермейді. Үшінші мегаполистің мәдени өмірінде айшықты орны бар «Шымкент-Цирк» мекемесінің әртістері қала халқы мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін күніне 8 сағат бойы тынымсыз жаттығады. Бұған мекеменің жұмысымен танысу барысында көз жеткіздік.
ЦИФРЛАНДЫРУДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП
Среда, 06 Декабрь 2023 04:40Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі. Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станция орнатылыпты. Бұл жайында қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов баспасөз турында айтты.
«Біртұтас тәрбие»: отаншылдыққа жетелейді
Пятница, 01 Декабрь 2023 04:48Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет», – деген болатын. Президенттің тапсырмасы аясында биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңіруге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізген еді. Осы бағдарламаның Шымкент қаласында орындалу барысын қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева баспасөз брифингінде баяндады.