«Біртұтас тәрбие»: отаншылдыққа жетелейді Избранное

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 605 раз

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет», – деген болатын. Президенттің тапсырмасы аясында биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңіруге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізген еді. Осы бағдарламаның Шымкент қаласында орындалу барысын қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева баспасөз брифингінде баяндады.

809

 

Жаңа оқу жылынан бастап аталған мемлекеттік бағдарлама қаладағы барлық мектеп пен колледждердің оқу-тәрбие ісіне енгізіліп, ол 7 жобаны қамтыған. Оның ішінде, «Ұрпаққа аманат», «Ұлттық мектеп лигасы», «Төрт тоқсан – төрт өнер», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өрен» және «Оқуға құштар мектеп» секілді бағыттар бар. Сонымен қоса, бала тәрбиесінде отбасы институтын нығайту үшін білім ұяларында әкелер, аналар және әжелер мектебі жобалары жолға қойылған.
–Жаңа оқу жылынан бастап қаладағы 265 білім мекемесінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылды. Отбасы құндылығын насихаттау мақсатында мектеп, бала және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін бүгінге дейін бірлескен үш мыңға жуық іс-шара өткізілді. «Еңбегі адал жас өрен» жобасында жас өрендерге еңбек адамына құрмет көрсету, бағалау тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылса, «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы құқықтық мәдениетті ерте жастан қалыптастыруды көздейді. Бұл мақсатта білім мекемелерінде жастар арасындағы қауіпсіздік, зорлық-зомбылық, әлімжеттік пен буллингке қарсы тұру мәдениетін қалыптастыратын іс-шаралар қолға алынды, – деді басқарма басшысы.
«Ұлттық мектеп лигасы» жобасында жастарға салауатты өмір салтын ұстану насихатталған. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен 44 мектепішілік жарыс өткен. Мектеп оқушыларының спортпен шұғылданатын басқармаға тиесілі білім мекемелерінде 159 спорт зал, 154 спорт алаңы бар. Оның ішінде, 105 соңғы үлгідегі алаңшада күніне 11 550 оқушы спортпен шұғылданып жатыр.
Басқарма басшысының айтуынша, тәрбие бағытындағы 7 жоба барлық мектеп пен колледждерде жүйелі түрде жүзеге асып отыр. Мектептерде 258 547 оқушының 84,2 пайызы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен қамтылған екен.