Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлер саны қысқартылмайды. Бұған қоса 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап жалақысы көтерілді.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы – 15 мың теңгеге, облыс орталықтарында – 10 мың теңгеге, ал басқа өңірлер мен қалаларда 5 мың теңгеге көтеріліп отыр, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері.
Бұған дейін ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы соңғы рет 2012 жылы көтерілген. Жалақы қосымшасына қажет қаржы ішкі шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік корпорацияның өз қаржысын үнемдеуден қарастырылып отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 61% электронды форматта көрсетілуде.