Тұғырлы биіктер жылы болғай! Избранное

Пятница, 30 Декабрь 2016 06:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3795 раз

new year

Құрметті шымкенттіктер мен қала қонақтары!

Есігімізден енгелі отырған Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл қашанда  жаңа бастамалардың, тың идеялардың, тынысты тірліктердің бастауы. Ескі жылға есеп беріп, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы күнге жаңа жоспар жасайтын, жақсылыққа ұмтылдыратын, серпінді істерге жол ашатын осынау үлкен мереке қарсаңында баршаңызға сәттілік пен тәтті үміт серік болсын дегім келеді.
Өтіп бара жатқан 2016 жыл қазақстандықтар үшін жемісі мен жеңісі, берекесі мен бірлігі жарасқан жарқын жыл болды. Белесті биіктеріміз бен беделді істеріміз қоғамдағы тұрақтылық пен халықтар арасындағы татулықтың арқасында жүзеге асқан ең үлкен жетістігіміз деп бағалаймын.
Көпұлтты еліміздің еңсесін биіктеткен осынау мерейлі де мәртебелі табыстарымызда шымкенттіктердің де үлесі аз емес. Қазақстандағы үшінші мегаполис саналатын сәулетті қаланың әрбір күн, әрбір сәті қызу еңбекпен, бірлікті тірлікпен, белсенді  істермен өрнектеліп, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өмірімізде серпінді қадамдар өзінің ізгі ізін қалдырды.
Біз алдағы жылдан да үлкен үміттер, тұғырлы биіктер күтеміз. Оған ынтымақ-бірлігімізбен, ұйымшыл тірлігімізбен қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Тәуелсіз Отанымыздың нұрлы да ырысты болашағы үшін барша қазақстандықтар, оның ішінде Шымкент жұртшылығы да игілікті істерімен, өнегелі бастамаларымен үлгі көрсетіп, еліміздің көркейіп, дамуына сүбелі үлес қоса береді деген ізгі тілегімді білдіремін.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі 
 Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
қалалық мәслихаттың хатшысы
Последнее изменение Пятница, 30 Декабрь 2016 06:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.