12 024 БАЛА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫП ЖҮР Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 269 раз

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады. Бұл жоспар жүзеге асса, Шымкентте Паралимпиада ойындарын ұйымдастыруға мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Басқарма басшысы салада жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті.

BriGG

 

М. Мықтыбековтің мәлімдеуінше, Шымкентте бүгінде бірқатар спорт нысандарының құрылысы жүруде.
– №12 спорт мектебінің құрылысын мамыр айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. №15 спорт мектебіің құрылысы сәуір айында басталды. Құрылысқа бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттық ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған
3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілмек. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, – деді басқарма басшысы.
Брифингте спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру мәселесі де айтылды. Жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына биылға 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен шұғылданып келеді. Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195-ке жуық басқа да қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілген.
Жыл басынан бергі
4 айда Шымкенттің спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 698 медаль қоржынға түскен. Азия чемпионаттарында
10 алтын, 9 күміс және 8 қола, жалпы саны 27 медаль, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жалпы 9 медальға ие болған. Ал, Шымкенттің спортшылары Париж Олимпиадасына 11 лицензия ұтып алды.
Брифингте шаһардың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлар тізбесіндегі спорт саласының көрсеткіштері айтылды. Сонымен қатар бұқаралық іс-шаралар мен спорттық инфрақұрылымдар туралы, қаланың спорт саласындағы жетістіктері бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.