Бұл біздің лепес емес, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзі. Еліміздегі ең іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойында министр жүрекжарды ойын осылайша білдірді.
Биылғы Жазғы Азия ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін алғаш рет дербес команда рет қатысты. Көркем гимнастикадан жерлестеріміз жекелей сында күміс және қола жүлделерді иеленіп, тарихтың жаңа бетін ашты. Бұл кездейсоқтық емес. Жоспарлы, жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі. Көркем гимнастикадан қалалық №9 спорт мектебінің 10…
Қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан, шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген және негізін қалаған журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жас ұрпаққа өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесінде "Жұлдызды жорық" кітабы бойынша әдеби вернисаж ұйымдастырылды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ
Пятница, 06 Октябрь 2023 04:48 Автор Редакция
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен жиынға қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.
Шымкентте өткен халықаралық білім көрмесіне әлемнің 60 елінің университеттері қатысты Шымкентте «International Educational Fair 2023» Халықаралық білім көрмесі өтті. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева арнайы келіп, болашақ студенттер мен…
«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ»
Пятница, 25 Август 2023 04:32 Автор Редакция
Еліміздің ұстаздары Шымкентте цифрлық білім беру платформаларындағы тың жаңалықтарымен бөлісті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын. Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі жиыны республика көлемінде биыл Шымкент қаласында өтті. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ,…
Соңғы жылдары үшінші мегаполисте аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтті. Тіпті, бірқатар мектеп үш ауысымда оқып, балалар мен ата-аналарға қолайсыздық тудыратын еді. Оның үстіне 2023-2024 оқу жылында 27 мың шымкенттік бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Заман талабына бейім университет
Шымкент қаласы биылғы оқу жылында да цифрлық білім беру бойынша республикада көш бастады. Қалалық білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары электронды журналды жүйелі толтыруы, мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі нәтижесінде осымен алтыншы рет «Алтын түйме» белгісін иеленіп отыр. Бұған дейін жергілікті білім…
Шымкенттегі «Арбат» алаңында өткен «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келушілердің қарасы көп болды. Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан жәрмеңкеде қала мен республиканың өзге өңірлерінен 120 жұмыс беруші мекеме 5 мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, жұмыс…