NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда
Вторник, 31 Январь 2023 04:13 Автор Редакция
Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды. Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды.
оқушылар құрастырған робот әлемді мойындатты Барыс жылы Шымкент қаласының білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Шымкенттік оқушылардың ғылыми жобалары мен тапқырлығы Орта Азиядағы жастардың арасынан оза шапты. Сондай оқушылардың бірі қаламыздағы №26 мектеп пен №9 ІТ-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш Германияның Дортмунд…
Бірқатар NIS жүйесіндегі оқу ордалары өз түлектеріне жуырда есігін айқара ашты. «Зияткерлік мектептер түлектері қоғамдастығының» (бұдан әрі NIS Alumni) бастамасымен бірлесе Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-те 6 ай мен 6 жыл бұрын түлеп ұшқан білімгерлеріне Samgau форумын өткізді.
Бірқатар NIS жүйесіндегі оқу ордалары өз түлектеріне жуырда есігін айқара ашты. «Зияткерлік мектептер түлектері қоғамдастығының» (бұдан әрі NIS Alumni) бастамасымен бірлесе Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-те 6 ай мен 6 жыл бұрын түлеп ұшқан білімгерлеріне Samgau форумын өткізді.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Достық» орденінің иегері, платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек ері Дулат Исабековтың 80 жылдығына орай «Өмірден өнер жасаған жазушы» атты шығармашылық кездесу болды.
Шымкенттік оқушылар пластик қалдықтарды табиғи жолмен ыдырататын жасуша ойлап тапты. Жас ғалымдардың тапқырлығы осы жылдың 26-28 қазан күндері Францияда өткен IGEN байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленген. Ғылыми жаңалық ашып, оны қолданысқа енгізуді көздейтін байқауға Қазақстан жастары алғаш рет қатысып отыр екен.
Студент атанған әрбір түлек өмірдің жаңа белесіне қадам басады. Біз 17 қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірі – шетелде білім алып, екіншісі – елімізде игі іспен айналысып жүрген жастар жайында баяндамақпыз. Олардың әрқайсысы алдына үлкен мақсат қойып, оған жету жолында өздерін шыңдап жүрген жігерлі…
«АСЫРАУШЫсын ТАПСА АДАМ БОЛАР, ОҚУЫН ТАПСА БІЛІМ ҚОНАР»
Пятница, 14 Октябрь 2022 05:14 Автор Алдабергенова Замира
Енді тәрбиешілердің жалақысы көбейіп, жүктемесі азаяды. Ал, мектеп директорлары әр 7 жыл сайын ротация негізінде ауыспақ. Білім берудегі тың жаңалықтың бірі — кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріліп отыр. Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Шымкент қаласында білім беру саласының өкілдерімен…
«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Университеттердің білім беру бағдарламаларында STEM пәндерін ілгерілету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев жүргізіп отырды. — STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) - ғылым, технологиялар, инженерия және математика ұғымын білдіреді. STEM негізінде…
«АДАМ БОЙЫНДАҒЫ БАР ЖАҚСЫЛЫҚ МҰҒАЛІМНЕН ДАРИДЫ»
Среда, 05 Октябрь 2022 08:45 Автор Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ
Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – ұстаздардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы мерекеге орай Шымкент қаласының опера және балет театрында «Жарық нұры ғаламның...» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұстаздарға алғысын білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.