ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 258 раз

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қатысуымен  тегін кеңес беру акциясы өтті.

TurginK

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған мобильді топ «Mega Planet» сауда орталығына келген қала тұрғындарына құқықтық кеңес берді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы жиында кеңес сұраған тұрғындардың қарасы қалың болды. Ұйымдастырушылар бұл жиынның алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатынын айтып отыр.Сондай-ақ, мамандар акция аясында тек кеңес берумен шектелмей, тұрғындардың мәселесі бойынша оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін көмек беруді көздеп отыр. Бұл әрбір қала тұрғынының құқықтық сауаттылығын арттыра түседі деген сенім мол.
Айта кетейік, тегін кеңес беру жиыны жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.