Әдеби кеште Әйтеке бидің қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық таныта білген қайраткер екені айтылып, тарихи деректер мен аңыз-әңгімелерден дәлел келтірілді. От ауыз, орақ тілді шешендігі, мүлтіксіз әділдігі жөнінде ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ел ішінде «айыр тілді Әйтеке» деп атап та кеткен. Әйтеке би ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, кесіп сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болғаны жайлы баяндалды.
Мол мағлұмат алған оқушылар жиын соңында Әйтеке би Байбекұлына арналған «Қазақтың дара тұлғасы» атты кітап көрмесімен танысты.
К.МЫРЗАБАЙ,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты
№5 кітапхана бөлімшесі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы