Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №46 мектеп-лицейдің 10 «ә» сынып оқушылары «Жауынгерлер» және «Сарбаздар» атты екі топқа бөлініп, алдын ала бекітілген кезеңдер бойынша бақ сынады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімі Нұрдәулет Нұрымбетұлы жетекшілік етіп, іс-шараның әділ әрі тартысты өтуіне үлес қосты. Сайыс барысында топ мүшелерінің формасы, саппен қозғалысы, марштық ән айтуы, сапта тұрып орындалатын қозғалыстарды талапқа сай орындауы бағаланды. Жарысқа қатысушылар белсенділігімен көзге түсіп, өздерінің нағыз ұлтжанды азамат екенін дәлелдей білді.
Айта кетейік, сайыс оқушыларды Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы қайсарлық, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеп, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
С.ҮРПЕКОВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі
№4 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі