×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жер телімін бөлу жоспарлануда...

Пятница, 21 Октябрь 2016 07:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5589 раз

Өткен аптада Шымкент қаласы әкімдігінің http://shymkent.gov.kz/ ресми сайтындағы «Ашық әкімдік» тармақшасы арқылы «онлайн-конференция» ұйымдастырылды. Бұл жолы қала тұрғындарының сауалына Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауов жауап берді. Конференция барысында қойылған маңызды сауалдарға берілген жауаптардың бірқатары мынадай болды:

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ, қала тұрғыны:

– Қасымбек Пернебекұлы, кезекке тұрған шымкенттіктер үшін жер телімі кімдерге, қай жерден беріледі?

– ҚР Жер Кодексіне сәйкес, тұрғын үй құрылысын салуға жер бөлу үшін инфрақұрылым жүйелерін жүргізу керек (ауыз су және электр жүйелері).
ҚР Үкіметімен инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөліну жоспарлануда.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қаланың оңтүстік-шығыс аумақтарында орналасқан «Бадам-3», «Ақжар», «Ақжар-2» және «Ақтас» елді мекендердегі жер учаскелерін тұрғын үй құрылысы үшін қарастыру жоспарланған.

Қacымхан МАМЫРАЙЫМОВ, қала тұрғыны:

– Бәйдібек би көшесінің балалар темір жолы маңындағы нысан құрылысы қаншалықты заңды түрде жүргізілуде? Ондағы жер телімі қандай мақсатта бөлініп берілген?

– Сіздің сауалыңызға орай, қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары арнайы саралау жұмыстарын жүргізетін болады. Нәтижесін сізге қосымша хабарлайтын боламыз.

Константин САНДАЛИДИ, қала тұрғыны:

– Мен 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясының зардабын жоюға қатысқан азамат ретінде жер телімі кезегіне осыдан 10 жыл бұрын тіркеліп едім. Заңды негізде, менің жер телімін алуға қаншалықты жеңілдігім бар?

– Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мүгедектігі бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу құқығын» беретін №255 бұйрығына сәйкес, сіздің өтінішіңіз 2007 жылдың 28 ақпанында №М-4247 нөмірімен тіркеуге алынған. Заңды негізде сізге тұрғын үй құрылысын салу үшін алғашқылардың қатарында жер телімін алуға мүмкіндігіңіз бар.
Дегенмен, тұрғын үй құрылысын салуға жер бөлу үшін инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмыстары тоқтап тұруына байланысты, әзірге сіздің өтінішіңіз қарастырылмаған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.