×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Өзекті сауалдар жауапсыз қалмады

Среда, 28 Сентябрь 2016 05:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3917 раз

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2015 жылдың қорытындысы
бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуі барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға
ЖАУАПТАРЫ

1. З. Дүйсенбаев «Бозарық» тұрғын алабы, 4 көше, н/з үй тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Бозарық» саяжайына табиғи газ, электр жарығы қашан беріледі?
2. Балабақша және мектеп қашан салынады?
Жауап: Жергілікті бюджет есебінен биылғы жылы «Бозарық» саяжайын электр қуатымен қамтамасыз етуге жоба жасау үшін 11,8 млн теңге, ал табиғи газбен қамтуға жоба әзірлеу үшін 20 млн теңге бөлінген. Жобалау жұмыстарын «Строй проект инвентаризация» ЖШС жүргізуде. Жоба әзір болуына қарай бюджет есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі қаралады.
Жауап: «Бозарық» саяжайынан 900 орынды мектеп салу бойынша жобалау-құжаттамалары дайындалып, қалалық құрылыс бөлімінен мемлекеттік экспертизадан өткізілген. Нысанның жобалау сметалық құжаттамалары мектеп құрылысна қажетті қаржы бөлінуге қалалық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына ұсыныс берілетін болады.

2. Л. Тұрсынжанова, «Таскен» т/а, К.Өтебаев көшесі, нөмірсіз үй тұрғыны.
Сұрақ: К.Өтебаев көшесін толық табиғи газға қосып берсеңіздер?
Жауап: Қаратау ауданы, «Таскен» тұрғын алабын табиғи газбен толық қамту мақсатында 2015 жылы 98,4 млн теңге, ал 2016 жылы 618,8 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «РостСтроймаш» ЖШС жүргізген. Аталған елдімекенді, соның ішінде К.Өтебаев көшесін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айында аяқталып, бүгінгі таңда, мемлекеттік қабылдау комиссиясының қарауында. Қабылдап алу жұмыстары аяқталғаннан кейін абоненттеу жұмыстары атқарылатын болады.

3. Ш. Көшімбетов «Азат» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Азат» шағынауданына қатынайтын №17 қоғамдық көлік жұмысын тәртіпке келтіріп берсеңіздер?
2. «Азат» шағынауданында электр жарығы қашан шешіледі?
Жауап: 1. №17 автобус бағытының жұмысын реттеу бойынша Қаратау ауданы әкімі аппараты мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, «Азат» шағынауданына қатынайтын №17 автобус бағытының жолаушылар ағыны зерделенді. Тұрғындар қатынауының жеткілікті қалыптаспағанына байланысты, №17 автобус бағытының жұмысы тиімсіз деп танылды. Осыған орай, №17 автобус бағытында тасымалдау қызметін атқаратын «Green bus company» ЖШС-гі бағыттың сызбасын өзгертуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, Сіздердің өтініштеріңізді қанағаттандыру үшін «Азат» шағынауданына қатынайтын №82 автобус бағыты көбейтіліп, 19 кестемен жолаушылар тасымалдау қызметі жолға қойылды. Бұл жөнінде өзіңіз бастаған «Азат» шағынауданының бір топ азаматтарына бағыт басында түсінділді.
2. «Азат» шағынауданын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы коммуналдық-шаруашылық бөлімі тарапынан ЖСҚ әзірленді. Жобалаушы «Алагеум Электрик» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттен 223 млн қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «А-Мерей и К» ЖШС атқаруда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.

4. Т. Байжұманов, «Тұран» шағынауданы, Сіргелі көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: «Тұран» ш/а электр жарығы, газ мәселелері шешілмеген. Осы мәселе қашан шешімін табар екен?
Жауап: «Тұран» шағынауданы Солтүстік Шығыс бөлігін электр жарығы және табиғи газбен қамту үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға жергілікті бюджеттен 30 млн.теңге қаралып, «Асем құрылыс» ЖШС тиісті жұмыстар атқаруда. Жоба дайын болғаннан кейін, бюджеттен құрылыс жұмыстарына қаржы қаралатын болады.

5. Б. Сүйінов, «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Таскен» тұрғын алабына қатынайтын №85 қоғамдық көлік бағыты тоқтап қалған. Қайта жүргізу мүмкіндігін қарастырсаңыздар жақсы болар еді.
Жауап: №85 автобус маршрутын қайта жүргізу мәселесі Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп қаралды. №85 және №89 автобустар «Таскен» тұрғын алабының Б.Бабашұлы және К.Өтебаев көшелерімен бір бағытта жүруіне байланысты тиімсіз екені анықталды. Осыған орай №89 автобус бағытының саны көбейтіліп, соңғы аялдамасы халыққа тиімді болуы үшін «Әсем» дүкені тұсындағы аялдамаға дейін ұзартылды.

6. С. Әбдиев, «Тассай» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабындағы электр энергиясы, ауыз су, жол мәселелерін шешіп берсеңіздер.
Жауап: «Тассай» тұрғын алабын электр жарығы, ауыз су, табиғи газ және кәріз жүйелерімен толық қамтамасыз ету бойынша жергілікті бюджеттен 2016 жылы жобалау жұмыстарына 27 млн қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпазды анықтау жұмыстары атқарылуда.

7. С. Спабеков, Қ. Төлеметов көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: Қ.Төлеметов көшесімен тұрғындардың қатынауы қиынға соғып отыр. Осы жол құрылысы қашан бітеді?
Жауап: Шымкент қаласы Қ.Төлеметов көшесінің жол құрылысының бірінші кезеңі 2015 жылы аяқталған. Екінші кезеңі, Бәйдібек би даңғылынан бастап Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Қазіргі таңда бюджеттен 2,7 млрд теңге қаржы бөлініп, «Отау строй» ЖШС және «Түркістан жол сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқаруда. Нысан толық 2017 жылы аяқталып пайдалануға беріледі.

8. А.Байымбетова, Ш.Рахматуллаева, «Ақжайық» ш/а А.Еділбаев көшесінің тұрғындары.
1-сұрақ: «Қайтпас» шағынауданындағы барлық көшелер асфальтталған. Біздің Ақбаев көшесі мен Әмірбеков көшелері қашан асфальтталады екен?
Жауап: «Қайтпас» шағынауданы Ақбаев және Әмірбеков көшелеріне Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы қаралған. Алайда, құрылыс жұмыстары Қайтпас шағынауданына кәріз жүйелері жүргізілуіне орай, уақытша тоқтатылып отыр. Жоғарыда аталған көшелер және «Қайтпас» шағынауданының қосымша 14 көшесіне кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталуына қарай асфальт төселетін болады.
2-сұрақ: Электр жарығының нашарлығына байланысты мұздатқыш, теледидарымыз күйіп кетіп жатыр. Бізге жүргізіліп жатқан электр жарығына қашан қосыламыз?
Жауап: «Ақжайық» шағынауданын сапалы электр жарығымен камтамсыз ету бойынша 2015-2016 жылдары бюджет есебінен 199 млн 289 мың теңге қарастырылып, құрылыс жұмысын «Қуат құрылыс» ЖШС және «PRO BUILDING» ЖШС жүргізген. Құрылыс жұмыстары 2016 жылғы маусым айында тапсырылған. Бүгінгі таңда, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

9. Т. Дүйсембиев, «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Тұлпар» шағынауданының жанында салынған көп қабатты тұрғынүйлердің кәріз жүйесі қайда қосылады?
Жауап: «Тұлпар» шағынауданы жанында Қазақстан ипотекалық компаниясы тапсырысы бойынша жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. Аталған үйлердің кәріз жүйесі диаметрі 2000 мм болатын құбыры арқылы қалалық орталық кәріз жүйесіне қосылған.

10. Л.Рахматуллаева, «Ақжайық» шағынауданы, «Байысбай» көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: «Ақжайық» шағынауданындағы Байысбай көшесіне қашан асфальт төселеді?
Жауап: «Ақжайық» шағынауданында биылғы жылы 9 көше асфальттанатын болады. Сонымен қатар, бюджеттен 9,2 млн. теңге қаржықаралып, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қосымша 13 көшені асфальттауға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Аталған жобаға Байысбай көшесі де енгізілген. ЖСҚ әзір болуына орай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2017 жылы бюджеттен қаржы қарау жоспарланған.

11. А. Аманова, «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Ақжайық» шағынауданындағы №88 жалпы орта мектебінің артындағы атауы жоқ жаңа құрылыс көшелері асфальтталмаған. Халық көп шоғырлануына байланысты қатынауға қиындықтар туындатып отыр. Биылғы жылы осы көшелерімізді жөндеп берсеңіздер.
Жауап: «Ақжайық» шағынауданында орналасқан №88 ЖОМ маңайындағы атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 288,084 млн.теңге қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта, атауы жоқ №1,3 көшелер толық асфальттанып, аяқ жолдар орнатылды, ал, атауы жоқ №2,4 көшелерге шағал тастар төселініп, асфальттауға дайындалуда. Көшелерді жөндеу жұмыстарын «Корпорация Береке-А» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы тапсырылады.

12. Б. Қыстаубаева, «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Таскен» тұрғын алабында түнгі уақытта жүру өте қиын. Әсіресе балалар сабақтан қайтқанда қараңғы болып кетеді. Орталық көшелерді жарықтандырып берсеңіздер екен?
Жауап: «Таскен» тұрғын алабындағы орталық Б.Бабашұлы көшесін жарықтандыру үшін қалалық бюджет есебінен 19,2 млн.теңге қаржы бөлінген. Аталған көшеге жалпы 105 дана бағаналар мен жарық шамдар орнатылатын болады. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстарының жобалары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жұмыстар 2016 жылдың қазан айының соңынан басталатын болады.

13. О. Жаманбекова, «Достық» шағынауданы, «Гүлдерай» көшесі № 19-2 үй тұрғыны.
Сұрақ: Бізге жүретін №17 «б» автобус сағат 19-00-ден кейін жүрмейді. №9, 9а автобустар да мүлде жүрмей қалды. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.
Жауап: №17 «б», №9 және №9 «а» автобус бағыттарының жұмысын бақылау бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірлесіп рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, №17 «б», №9 және №9 «а» автобус бағыттарындағы кестеден ерте тоқтап қалу, тазалықты қамтамасыз ету бойынша жіберген кемшіліктерін жою жөнінде «Green bus company» ЖШС және «Руслан» корпорациясы басшылығына «ескерту» беріліп, бағыт тәртіпке келтірілді.

14. Х.Абдикеримова, «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғыны.
Сұрақ: «Қайнарбұлақ» саяжайында көшелер өте тар. Оның үстіне асфальттанбаған. Жол мәселесін шешіп берсеңіздер.
Жауап: Биылғы жылы Қайнарбұлақ саяжайындағы Орталық көшені қиып өтетін 9 көше, яғни, «Дружба», «Заводская», «Медиков», «Строительная», «Транспортная», «Фабричная», «Автомобилист», «Скамейка», «Металлург» көшелері асфальттанды. Сондай-ақ, осы жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қайнарбұлақ» тас жолы бойына ұзындығы 1,7 км аяқжол құрылысы жүргізілді.

15. К.Аусбаева, «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғыны.
Сұрақ: «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы жол, ауызсу мәселесін қолға алсаңыздар екен.
Жауап: Сіздің өтінішіңіз бойынша өзіңізбен кездесіп аталған мекен-жайда көрсетілген көшелер зерделенді. Биылғы жылы тұрғындар көп қоныстанған ұзындығы 4,3 км құрайтын 5 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылы магистралды ауызсу құбырының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге ұсыныс берілетін болады.

16. Е.Худайназаров, «Бозарық» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Бозарық» шағынауданында асфальт төселмеген бірнеше атауы жоқ көшелер бар. Осы көшелер қашан асфальттанады?
Жауап: «Бозарық» шағынауданындағыатауы жоқ №1,2,3,4,5,6 көшелерін қайта құру жұмыстарына 253 млн теңге қаржы бөлініп, көшелерді асфальттау жұмыстарын «Шымкентдорстрой» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 30.12.2016 жылы тапсырылады.

17. Т.Досжанов, «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Нұрсәт» шағынауданындағы жаңадан берілген №56 үйге газ берілмей отыр. Газды ертерек қосуға және қоқыс салатын жәшіктер орнатуға көмек берсеңіздер.
2. Осы №56 үйдің тұсына (Астана даңғылының бойына) аялдама орнатылды. Алайда қоғамдық көліктер біздің үйлерге дейін жүрмейді.
Жауап: 1. Шымкент қаласы «Нұрсәт» тұрғын алабындағы №56 үйге тұрғындар толығымен қоныстанып, бүгінгі таңда «ҚазТрансГазАймақ» ОҚ ӨФ тарапынан құжаттары толық рәсімделіп, №56 көп қабатты тұрғын үйге табиғи газ толығымен қосылды. Сонымен қатар, осы көп қабатты үйлердің ауласына арнайы белгіленген орындарға қоқыс жәшіктері «Экоспецтранс» ЖШС тарапынан орнатылып, қоқыс кесте бойынша шығарылуда. 2. Қоғамдық көлік мәселесі бойынша өтінішіңіз қаралып, қазіргі таңда №78 автобус бағыты «Нұрсәт» шағынауданындағы жаңадан берілген көп қабатты тұрғын үйлердің тұсындағы аялдамаға дейін ұзартылды. Қосымша, Астана даңғылы арқылы №7 шағын автобус бағытының қозғалыс сызбасы көркем гимнастика мектебіне дейін ұзартылды.

18. Қ.Ашурметов, «Мирас» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Жібек жолы» көшесіне жарықтандыру бағаналары қашан орнатылады?
Жауап: «Жібек жолы» көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының жобасында жарықтандыру бағаналарын орнату қарастырылған. Жөндеу жұмыстары барысында «Жібек жолы» көшесі толығымен жарықтандырылатын болады.

19. З.Беркінбекова, «Нұртас» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Нұртас» шағынауданында жарық жиі өшеді. Сапалы электр жарығы қашан беріледі?
Жауап: «Нұртас» шағынауданын сапалы электр жарығымен камтамасыз ету бойынша «Авангард» ЖШС жобалау жұмыстарын жүргізіп, 01.09.2016 жылы қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөліміне тапсырған. Аталған жоба, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамаға тапсырылуда. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, 2017 жылға құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы сұралатын болады.

20. Б.Сидикметов, «Сайрам су» ӨК бас инжерері.
Сұрақ: «Сайрам» тұрғын алабындағы ауызсу мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Түпкілікті қашан шешіледі?
Жауап: Сайрам, Қызыл су, Исфиджаб тұрғын алабтарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен 868 млн.теңге қаражат бөлініп, (тапсырыс беруші мекеме – Шымкент қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі, Мердігер мекеме – «Евро Ремонт Сервис» ЖШС– і) 2014-2015 жылдары 45 шақырым су құбырлары жүргізіліп, 4 дана жаңадан су мұнарасы қазылды. Жоба бойынша – 1 836 абоненттке ауыз су құбырлары тартылып, қазіргі таңда – 620 тұрғын үй толығымен ауыз су мен қамтамасыз етілді. Сайрам, Исфиджаб және Қызыл су тұрғын алабтарында, бұрыңғы Сайрам ауыл округі әкімі аппараты тарапынан 2008 – 2009 жылдар аралығында азаматтарға тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскелері және бұрыңғы жобадан қалып кеткен жалпы 3 380 абонент анықталып, оларды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы соммасы 1 млрд. 245 млн теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленген. Осы ЖСҚ негізінде тапсырыс беруші мекеме Шымкент қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі 2016 жылғы қыркүйек айының соңында белгілі болады. Құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.

21. К.Кулметова, «Сайрам» тұрғын алабы, «Фуркат» көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: «Сайрам» су өзенінің бойына жақын тұрамын. Адамдар суды ластап, қоқыс тастап кетеді. Осы жағдайды бақылауға алсаңыздар екен.
Жауап: «Сайрам» тұрғын алабындағы Сайрам су өзені бойындағы санитарлық тазалықты бір қалыпты ұстап тұру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп 5 рет рейдтік шаралар өткізілді. Өткізілген рейдтік шаралар нәтижесінде, 3 тұрғын және 2 коммерциялық нысан иесіне ескерту беріліп, 2 тұрғын және 1 коммерциялық нысан иесіне хаттамалар толтырылды. Тұрғындарға, коммерциялық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, мердігер мекеме «КәусарГрупп» ЖШС-і тарапынан аптасына 2 рет (сәрсенбі, сенбі) тазалау жұмыстары жүргізіледі. «Сайрам су» өзенінің бойы тазартылып, бақылауға алынған.

22. № 74 негізгі орта мектебінің ұжымы.
Сұрақ: №74 негізгі орта мектеп үлкен жол бойында орналасқан. Оқушылардың мектепке келіп-кетуі қиын жағдайда, мұғалімдер таңғы 8-00-ден кешкі 18-30-ға дейін кезекшілікте тұрады. Полиция бөлуді сұранамыз.
Жауап: «Қапал батыр» көпірінен жүретін бағыт 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайдаланысқа берілді. Қазіргі таңда қоғамдық және жеңіл автокөліктер осы бағытпен кедергісіз қатынауда. Сол себепті «Орманшы» тұрғын алабынанда мектеп оқушылары және тұрғындардың жол жүруіне кедергі жоқ. Дегенмен де, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Орманшы» тұрғын алабындағы № 1 автожол бойында таңғы сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жауапты полиция қызметкері кезекшілікте тұрады.

23. Б.Райымбеков, «Өтеміс» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: 1. «Өтеміс» тұрғын алабына ауызсу шектеулі беріледі. Қашан тұрақты беріледі екен?
2. №140 бағыттағы шағын автобус жүру интервалы 1-1,5 сағат, қашан ретке келтіріледі?
Жауап: 1. «Өтеміс» тұрғын алабында қазіргі таңда 2-4 сағат ауызсуы берілуде. Себебі ауызсу жүйелерінде көптеген кемшіліктер анықталған. Атап айтсақ: Су сорғыш құрылғысы (насос) сапасыз, құбырлардың тозығы жеткен, электр қуатының күші жеткіліксіз. Өтеміс т/а ауызсу жүйелері Сайрам аудандық «Сайрам тазалық» ЖШС-і мекемесіне қарасты болғанымен, меншік құқығын растайтын ешқандай құжаттары болмағандықтан аталған су жүйелерін Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің меншігіне өткізуге мүмкіншілік болмай тұр. Осыған орай, 25.07.2016 жылы Шымкент қалалық және Сайрам аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандары, Қаратау ауданы әкімі аппараты мамандары және ауыл билерімен бірлесіп қолданыстағы ауыз су жүйелеріне (кемшіліктерді және ақауларды анықтау мақсатында) ақаулық акт (дефект акт) жасалынды. Қазіргі таңда Сайрам ауданынан Шымкент қаласының коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына алу бойынша жұмыстар жүргізілуде (заңдылығы анықталуда). Шымкент қаласының коммуналдық балансына қабылданып болған соң, жасақталған ақаулық акт негізінде су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 2. Тұрғындардың өтініштері бойынша «Өтеміс» тұрғын алабына қатынайтын № 140 маршруты бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде маршруттың жүретін кестесі ілінбеген, жүру арақашықтығы таңғы уақытта 2-3 сағат, ал түстен кейін 3-4 сағат аралығында жүретіндігі анықталды. Аталған мәселелер бойынша, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандары, тасымалдаушы мекеме мамандары және «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарының тұрғындарымен 29.07.2016 жылы өткен жиналыста тұрғындарға түсініктемелер берілді. Қазіргі таңда, «Өтеміс» тұрғын алабына №140 бағыттың 3 шағын автобус қатынайды. Олардың жүру интервалы таңғы уақытта 35-45 минут, ал түстен кейін 2-3 сағатты құрайды.

24. Е.Жарасов, «Қайтпас» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Қайтпас» шағынауданында электр жарығы өте нашар, себебі трансформаторға көп үйлер қосылған. Осы мәселені шешіп беріңіздер.
Жауап: «Қайтпас» шағынауданын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 206 млн 572 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмысын «REAL building» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмысы 2016 жылдың маусым айында аяқталып, аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі таңға, 2451 абоненттің 980-і сапалы электр жарығымен қамтылған. Қалған абоненттер қазан айының соңына дейін қосылатын болады.

25. А.Еспенбетов, «Алатау» көшесінің тұрғыны.
Сұрақ: «Орманшы» тұрғын алабындағы трансформаторлар ескі, жарық нашар. Мемлекет тарапынан электр энергиясы қашан жүргізіледі.
Жауап: «Орманшы» тұрғын алабының тұрғындарын үздіксіз және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 02.09.2016 жылы ОЖТ қызметкерлері тарапынан ОЖТ балансындағы 160 кВа трансформаторы 250 кВа трансформаторына ауыстырылды. Нәтижесінде, тұрғындарға берілетін электр жарығының сапасы ретке келтірілді.

26. Ш.Рахметов, «Сайрам» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Сайрам» тұрғын алабындағы спорт мектебі бірнеше жылдан бері құрылысы аяқталмай тозып барады. Осы мектепті бітіруге қолдау көрсетсеңіздер жақсы болар еді.
Жауап: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Сайрам» тұрғын алабында «№12 мамандандырылған балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің құрылысы 1987-1990 жылдар аралығында А.Яссауи (Ленин) ӨК тарапынан жүргізіліп, ғимараттың бір бөлігі бітіп, екінші бөлігі бітпей қалып қойған. Бүгінгі таңда, спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, бюджет есебінен 219 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «РСУ-1» ЖШС мекемесі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталып, нысан қазан айында пайдаланысқа беріледі.

27. Қ.Шамшиметов, «Сайрам» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Сайрам» тұрғын алабындағы №1 қалалық аурухана және облыстық туберкулезге қарсы диспансер мекемелерінен шыққан канализация сулары арықтарға ағып, адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Осы жағдай қашан реттеледі?
Жауап: Кәріз жүйесіндегі орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары 2016 жылдың 11-21 мамыр күндері аралығында «РСУ-1» ЖШС-і мекемесі тарапынан асар жолымен жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 5 құдықша және 160 метр құбыр ауыстырылып, жаңартылды. Алайда, аталған кәріз жүйесінің жалғасы Еңбекші ауданы Қаратөбе және «Шаңырақ» тұрғын алабтарынан өтетін жерінде кәріз жүйелерінде ақаулар анықталып, қалпына келтірілген жүйелерден кәріз сулары шығып кету қауіпі төніп тұрғандығы мәлім болған. 19.07.2016 жылы Ю. Сареми көшесі бойындағы қалпына келтірілген құдықшадан лас су шығып, көшеге ағып жатқандығы анықталған. Анықталған факті бойынша қалалық аурухана, облыстық туберкулезға қарсы диспенсері мамандарымен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіліп, лас судың ағуы тоқтатылды. 20.07.2016 жылы қалалық аурухананың арнайы су соратын техникасымен құдықшадан лас су шығарып тасталды. Қазіргі таңда аталған мекемелерден кәріз жүйелеріне су жіберу тоқтатылған.

28. Б. Құлымбетов, «Сайрам» т/а, «Тассай» бөлімшесінің тұрғыны.
Сұрақ: «Сайрам» тұрғын алабы, Тассай бөлімшесіндегі облыстық маңызы бар КХ-39 жолы бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Көлікпен қатынау қиындық туғызып отыр. Осы жолды жөндеп берсеңіздер екен.
Жауап: «Сайрам» тұрғын алабы, «Тассай» бөлімшесіндегі облыстық маңызы бар КХ-39 жолына асфальт төсеу мақсатында Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырысымен және мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-і
тарапынан 3 шақырым жолға асфальт төсеу (орташа жөндеу) жұмыстары жүргізілді. Ал қалған 5 шақырым жолға асфальт салу жұмыстары, осы жолдан жүретін ауыр жүкті автокөліктерге басқа айналмалы жол салып, сол жолдан жүргізгенге дейін тоқтап тұр. Ауыр жүкті автокөліктер қатынайтын айналмалы жол бағыты анықталып, сызбасы жасалып, кететін шығындар анықталып тиісті басқармаларға ұсынылған. Жоғарыда аталған мәселе бойынша 02.09.2016 жылы Тассай бөлімшесінде Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалдының төрағалығымен жиналыс өткізіліп, тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

29. А.Абдазимов, «Сайрам» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Сайрам» тұрғын алабында «Наурыз» саябағы бар. Ауылдың барлық мерекелік шаралары осы жерде өтеді. Сайрам ауданына қарасты кезімізде қалаға өтесіндер деп ешқандай мәселелер қаралмады. Бір сөзбен айтқанда, саябақ қараусыз қалды. Осы саябақты реттеп халықтың демалатын орны етіп берсеңіз. Жауап: «Сайрам» тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі тарапынан ЖСҚ әзірленген. Жобаның жалпы құны – 204 млн теңге. Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурстың нәтижесі 2016 жылдың қыркүйек айында белгілі болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен 2016 жылдың 19 наурыз күні «Наурыз» саябағында өткен жиналыста түсініктеме берілген.

30. Я.Колходжаев, «Тұран» шағынауданының орам басшысы.
Сұрақ: «Тұран» шағын ауданында 500-ден астам отбасы 10 жылдан бері суды тасымалдап ішіп отыр. Осы мәселені шешу бойынша қала әкімдігімен бірлесіп жұмыс жасадық. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Жақын күндері дайын болады. Енді айтар өтінішім, осы мәселені аяғына дейін жеткізуге, яғни қаржы бөлінуіне жәрдем берсеңіз.
Жауап: «Тұран» шағынауданындағы 500-ден астам тұрғын үйлер салынған «Сымтас проект» ЖШС жобалаушы мекемесі тарапынан магистралды су құбыры жұмыстары жобаланып, құрылыстың сметалық жобалық құны – 187 млн теңгені құраған. Магистралды құбырдың жалпы ұзындығы – 4385 метр. Ал, мемлекеттік сараптамадан өту құны – 1 525 487 теңге болып, халық өз қаражаты есебінен жүргізген. Аталған жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып, бүгінгі таңда жобаны қалалық ТҮКШ бөлімінің теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қабылдап алу жұмыстары жүргізілгеннен кейін құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілетін болады.

31. Т.Шынасилов, «Асар-2» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Асар-2» шағынауданы тұрғындары ауызсумен қамтылмауына байланысты тасымал сумен қажетін өтеп отыр. Тұрғындарды ауызсумен қамтуға көмек берсеңіздер.
Жауап: «Асар-2» шағынауданын толық инженерлік-коммуникация жүйелерімен қамту үшін ЖСҚ әзірлеуге бюджет есебінен 26,2 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімінің бекіткен «Қаратау ауданындағы тұрғын алаптарда туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауыз су мәселесін шешу мақсатында «Казтриоком» ЖШС мекемесі қолдауымен тұрғындарға ауызсу құбырын өз есебінен жүргізу қолға алынып, қазіргі уақытта 60 үй ауызсумен қамтылды. Жұмыстар тұрғындардың құжаттарын рәсімдеуіне байланысты атқарылуда.

32. З.Дюсенбаев, «Бозарық» тұрғын алабының тұрғыны.
Сұрақ: «Бозарық» тұрғын алабында жаңа мектеп пен балабақша пайдалануға берілді. Ал «Бозарық» саяжайынан мектеп қашан салынады?
Жауап: «Бозарық» саяжайынан 900 орындық мектеп салу бойынша жобалау– құжаттамалары дайындалып, қалалық құрылыс бөліміне мемлекеттік экспертизадан өткізуге тапсырылды. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткен соң мектеп құрылысына қажетті қаржы бөлуге қалалық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына ұсыныс берілді.

33. Ш.Суюбаев, «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғыны.
Сұрақ: «Қайнарбұлақ» саяжайында орналасқан медпункт талапқа сай. Сол себептен жаңа емхана салу жоспарда бар ма? Сонымен қатар, балабақша салу мәселесі қашан шешімін табады?
Жауап: «Қайнарбұлақ» саяжайынан №10 қалалық емханасына қарасты дәрігерлік амбулаториясының құрылысына қажетті жер телімі белгіленіп, 2015 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан облыстық құрылыс басқармасына жобалық-сметалық құжаттасын әзірлеуге ұсыныс берілді. «Қайнарбұлақ» саяжайынан балабақша салу бойынша қажетті жер телімі анықталған. Балабақша құрылысын жеке инвесторлар есебінен жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

34. А. Кадыров. «Сайрам» тұрғын алабы, А.Темір көшесі №53 үй тұрғыны.
Сұрақ: Жеке баспана алу мәселесі бойынша қайда баруға болады?
Жауап: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес халықтың табысы аз әлеуметтік әлсіз тобына жататын азаматтар, бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуына мүмкіндіктері бар. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, бекітілген құжаттар тізбесіне сәйкес тиісті құжаттарыңызды өткізіп, кезекке тұруыңыз қажет.

35. Б. Шүлембаева, «Тұран» шағынауданының тұрғыны.
Сұрақ: «Тұран» шағынауданында мектеп, балабақша қашан салынады? Балаларымыз басқа шағынаудандарға барып білім алуға мәжбүр.
Жауап: «Тұран» шағынауданынан 1200 орындық мектеп пен 320 орындық бала-бақша салу Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы тұрғын алаптарда туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген. Ағымдағы жылы «Тұран» шағынауданынан 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша салу үшін жер телімін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

36. А.Арысбаева, «Қайнарбұлақ» саяжайы, «Металлург» массивінің тұрғыны.
Сұрақ: «Қайнарбұлақ» саяжайында қаңғыбас ит көбейіп кетті. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жүмыстары жүргізіледі ме?
Жауап: 2016 жылы Шымкент қаласында қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 38 мың теңге бөлінген. Жыл басынан Қаратау ауданы бойынша арнайы құрылған бригадалар 3493 қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, залалсыздандырды. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жұмыстарымен Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне қарасты «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны айналысады.Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жұмыстары бойынша «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хабарласуға болады. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Мақталы көшесі 133. Тел: 32-44-14. 39. Қ. Юсупалиева, «Таскен» т/а, Бабашұлы көшесі №12 үйдің тұрғыны:
Сұрақ: «Таскен» тұрғын алабында пәтер жалдап тұрамыз. Көпбалалы ана ретінде осы тұрған үйімізді ипотека арқылы рәсімдей аламыз ба?
Жауап: Сіз көпбалалы ана ретінде жеңілдетілген тұрғын үй кезегіне тіркелу құқығыңыз бар. Бұл үшін Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне тиісті құжаттарды тапсыруыңыз қажет. Мекен-жайы Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі №18 үй. Ал «Таскен» тұрғын алабындағы жалға алып отырған үйіңізді ипотека арқылы рәсімдеу үшін меншік иесі келісімі негізінде екінші дәрежелі банктер қызметіне жүгінуіңізге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.