МИНИСТР «ОҢТҮСТІК» АЭА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 336 раз

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министрді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қарсы алып, ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын таныстырды. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан толыққанды тоқыма кластерін аралап, алдағы жоспарларын пысықтады.

Ministr

 

Бұл аймақ тоқыма, химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң саналады.
Өндірістік пул 65 жобадан тұрады. Онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 млрд теңгеге 39 жоба іске асып, 1 984 жұмыс орны ашылған.
Өндіріс алаңына инфрақұрылым жүргізіп, жағдай жасау үшін бюджеттен 8,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде өнімдерді дамыту үшін қазір 22-ден астам инфрақұрылым нысаны салынды.
Министр аралау барысында «Оңтүстік» АЭА кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктімен де танысты.
Сонымен қатар, Мәди Тақиев мегаполиске арнайы жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен және «Бал Текстиль» ЖШС өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, халық пен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.