КЕЛІСІМШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

Пятница, 03 Май 2024 06:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 574 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен Тұран ауданы аумағындағы Арғынбеков көшесі бойында басталған заңсыз жол құрылысы тоқтатылды. «Пожтехмонтаж» ЖШС тарапынан көше бойындағы 80 метрге жуық аяқжол қопарылып тасталған.

 

Компания мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болғанымен, тапсырыс беруші Тұран ауданымен әлі келісім шарт жасамаған. Соған қарамастан компания жұмысшылары бекітілмеген аумақта құрылысты бастап кеткен. Бұл әрекет қазір тұрғындарға қолайсыздық тудыруда.
Қала басшысының тапсырмасымен құрылыс шұғыл түрде тоқтатылып, компанияға қайта қалпына келтіру міндеттелді. Сонымен қатар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Заңының (505-бап) «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрлымы объектілерін бұзу» бойынша 40 АЕК айыппұл салынды.
Әкімдік тарапынан құрылыс жүргізуге жұмылдырылған мердігерлер арасында заңсыздықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.