АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:21 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 494 раз

«Театр – киім ілгіштен басталады» десек, адамдармен қарым-қатынас жеке сөйлесу мен әңгімелесуден тұрады. Адамды сырт келбетіне емес, саған деген қарым-қатынасына, сүйіспеншілігіне, адалдығына қарай сыйла деген де сөз бар.
Мемлекеттік қызметтегі «мінсіз бедел» қағидатын 2019 жылы ести бастадық. Сол кезде мемлекеттік қызметкердің сипаттамасы айқындала бастады. Мемлекеттік қызметкер – тәуелсіз еліміздің абыройы, беделі. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету, адамгершілікпен қызмет ету.
Осындай мінсіз беделді қалыптастыратын тағы бір қасиет – мемлекеттік қызметті тұтынатын халықпен нәтижелі әңгімелесе алу. Бүгінгі күннің мінсіз шенеунігі қандай болуы керектігін зерделеген біз Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің басшысы Инна Глазебнаямен сұхбаттасқан едік.

MemK

 

– Инна Михайловна, алдымен мемлекеттік қызметкердің мінсіз беделі деген әңгіменің қайдан шыққанын айтсақ?

– Әрқашан халық мемлекеттік қызметкерден кәсібилікті, жоғары деңгейдегі адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауды күтетінін есте сақтауымыз керек. Себебі қарапайым халық шенеуніктен қолдау күтеді, әділдік іздейді. Ел игілігі үшін халық қамын ойлап, кез келген жағдайда елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Біз биліктің адамға бағытталған кезеңіне көшіп жатырмыз, парадигма өзгерді. Президентіміз айтқан «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға бағытталдық.

MemK-1


Қызмет көрсету қабілеттілігі және мінсіз бедел қағидатының нығаюы мемлекеттік қызметкердің имиджінің оң қалыптасуына, қоғамның сенімінің артуына ықпал етеді. Мемлекеттік қызметкердің қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, халық алдындағы жауапкершілігінің жоғары болуына көңіл бөлінуі керек.

– Сіз мемлекеттік қызметшінің «мінсіз бедел» деген ұғымын қалай түсінесіз?

– Мен сізге мысал келтірейін. Біздің денсаулық ұйымымызға әртүрлі мәселемен көптеген адамдар келеді. Әр келушіні түрлі есіктерге сандалтпас үшін мәселесін дұрыс тыңдап, тіркеу, қабылдау бөлімдерінен бастап жеке қарым-қатынас керек. Кісіні тынышталдырып, оны денсаулыққа қатысты қорқыныштары мен мәселесімен жалғыз қалмайтындығына сендіру керек. Әрине, денсаулық қызметкерлері мемлекеттік қызметкер емес. Дегенмен олардың мәселені қалай шешетініне, көмек сұраған жанға қаншалықты адамгершілікпен қызмет көрсететініне мән беруіміз қажет. Адамдарға қатынас адамгершілік тұрғысында болуын 2019 жылы үкіметтік деңгейде бекерден-бекер көтерген жоқ қой. Бүгінде отбасында қандай қарым-қатынастар қалыптасқан, басқаға да сондай әрекет болсын. Сонда ғана мемлекеттік қызметкерге сенім мен мәртебе өседі. Мемлекеттік қызметкердің тәжірибесі, ұқыптылығы, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері күнделікті жұмысынан көрінуі тиіс. Мемлекеттік қызметкер жүктелген міндеттерді адал орындауды міндеті санап, азаматтардың мүддесін бәрінен жоғары қоюы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтік қарым-қатынастар кезінде әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болып, бағыныштылармен қарым-қатынаста басшылардың меритократия қағидаттарын сақтауын және қызметте асыра сілтеушілік көрсетпеуін, кадр мәселесін шешуде туыстық және жеке адалдық белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуі тиіс.

– Сонда мінсіз беделі бар мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек деп ойлайсыз?

– Мемлекеттік қызметшілердің этикасы алты принципке негізделген: адалдық, әділдік, ашықтық, әдептілік және тұтынушыларға назар аудару. Әдеп Кодексінің негізгі мақсаттарының бірі қызметкерлердің адамдармен оң мінез-құлқын және қарым-қатынасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзуды, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмау болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы оларды қызметтен тыс уақытта да халық арасында өзінің адалдығына, ар-ожданына, әдептілігіне, сыпайылығына күмән келтірмеуге міндеттейді. Іс-әрекеттері ұйымның беделін түсірмеуі керек, керісінше, мемлекеттік қызмет пен жалпы мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге ықпал етуі керек. Үлгілі мінез-құлық ізгілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады.

– Адамның мінез-құлқында, өмір салтында мемлекеттік қызметкер болуға мүмкіндік бермейтін қандай шектеу болуы мүмкін?

– Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойынханаларға бару қызмет көрсетуге қойылған шектеулердің бірі болып табылады. Әдеп кодексіне тиісті өзгерістер Мемлекет басшысының 2 қарашадағы Жарлығымен енгізілгенін, оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге, олардың қызметтік міндеттерін орындауына байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне баруға тыйым салынған. Шамадан тыс ойынқұмарлық мемлекеттік шенеуніктерді сыбайлас жемқорлық және оңай ақша табу үшін заңсыз табыс көздерін іздеуге әкелуі мүмкін.

– Неліктен мемлекеттік қызметке осындай көңіл бөлінеді?

– Өйткені бұл стандартты қатаң сақтау мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдағы жұмысының жетістігінің индикаторы. Жеке басқа табыну мен бюрократизмнің орнына өз беделін бағалайтын білікті мамандардың уақыты келді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адалдық танытып, халықтар бірлігі мен еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік және басқа тілдерге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Ата-бабаларымыз ар-намысты баға жетпес деп санаған. «Пайда ойлама, ар ойла», «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», – деп ұлы Абай айтқандай, адам үшін ар-ождан бәрінен де қымбат. Сондықтан біз адамбыз, ар-ұжданымыз бар. Ол басқа тіршілік иелеріне тән емес.

Сұхбаттасқан Наталья ХАЙКИНА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.