ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: ЖЕМІСІ МОЛ ЖОБА
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:49Шымкентте өткен жылы мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, бизнес-жоспарларын жүзеге асырған 1000-нан астам кәсіпкер жеке кәсіппен айналысуда. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы грант алған азаматтардың алдағы уақытта шағын кәсіптен орта бизнес деңгейіне көтерілуіне қолдау көрсетпек. Қаланың «Арбат» алаңында қайтарымсыз грант иегерлері жыл ішіндегі жемісті жұмыстарын ел назарына ұсынды.
XIX АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 64 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:48Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр.
ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:46Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеп келеді.
ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ І-КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:45Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты.
АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:44Шымкенттегі қалалық №4 перинаталдық орталықта «Сәби – шаңырақ шаттығы» акциясы өткізілді.
Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбилер мен аналарына құрмет көрсетілді. Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов, қалалық мәслихат депутаты Асқар Молдабек аналарды құттықтап алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
«ALEUMET»: ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ ЖЫЛДАМ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:43Әлеуметтік қызметтер порталы функционалының қолжетімділігін арттыру үшін мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алатын «Aleumet» қосымшасы әзірленіп, іске қосылды.
АДАЛДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ ӘДІЛДІК ОРНАМАЙДЫ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:42Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы экономикалық және әлеуметтік дамуға серпіліс берді. Әдетте халыққа жасалған үндеуде ұзақ мерзімді мақсаттар айшықталса, бұл Жолдау нақты уақыт-мерзімі белгіленуімен ерекшеленді. «Осы Жолдауда айтылған барлық мақсаттарға үш жыл ішінде қол жеткізу керек», – деді Қ.Тоқаев.
ОҚПУ-ДЕ БІР ҚЫЗ БАР БАЛНҰР АТТЫ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:36Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің физика-математика факультетіне биыл Балнұр Нұран атты ару оқуға түсті. Мақсаты – мұғалім болу. Балнұр жылқы баптап, көкпар шабады. Иә, көкпар шабады! Алты жастан аттың құлағында ойнаған ару Шардара қаласының Қызылқұм ауылында туған. Кішкентайынан ата-әжесінің бауырында өскен Балнұрды атқа көкелері баулыпты. Қаншама рет жылқы теуіп, құласа да ол төрт түліктің төресінен алыстаған жоқ. Керісінше өскен сайын Қамбар ата баласына үйірсек болды. Асауды ауыздықтап, жігіттерше көкпарға ат баптады.