ВАКЦИНАСЫ ЖОҚ ДЕРТ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 349 раз

Күн жылынса, қала тұрғындарының саябақ пен гүлзарларда серуен құруға асығатыны анық. Ал, олар қауіпсіздікке қаншалықты көңіл бөледі? Көгал шөпте кенеден қорғанып жүр ме?
Шымкент қаласы — Конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы орналасқан аумақтардың бірі. Бұл аурудың тасымалдаушысы — қарапайым кене.

Kongo

 

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алғашқы белгілері:
- дене қызуының кенеттен 39-40 градусқа дейін көтерілуі; қатты бас ауыруы;
- көздің қызаруы; бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қызарып, ісінуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен;
- лоқсу немесе құсу;
- іш ауыруы немесе өтуі; ауру одан әрі дамыған жағдайда: денеде бөртпелердің пайда болуы;
- мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері;
- ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.
Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады.
Вирустың уақытша резервуары – бұл ауылшаруашылық жануарлары (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотопта – қояндар, кірпілер, құстар.
Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққан, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады. Зертханалық жағдайда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышымен жұмыс жасағанда тамшылы-респираторлық жолмен жұқтыруы мүмкін.
Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел, кейде кенеттен болады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазан-ішек қан кетулері тән. Сонымен қатар, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өміріне қауіп төндіреді.
Қазіргі уақытта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы сенімді және тиімді вакцина жоқ.
Әрбір адам өзін кене шағудан қорғау үшін келесі ережелерді сақтауы, атап айтқанда:
• кенелердің киім ішіне, терінің ашық жерлеріне ену мүмкіндігін азайтатындай киіну;
• жабысқан кенелерді анықтау үшін өзіне және бір-біріне жиі (әрбір 10-15 минут сайын) бақылау жүргізу;
• тікелей шөпке отырмау және жатпау;
• табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығу;
• кенелер болуы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғын жай және өндірістік бөлмелерге жаңадан жұлынған гүлдерді және сырт киімдерді кіргізбеу;
• үй жануарларынан кенелерді жинаған кезде қолғап кию;
• кенелерді жасқандыратын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдалану;
• денеден кенені байқаған кезде, дереу емдеу мекемесіне жүгіну;
• кенені алып тастағаннан кейін 14 күн ішінде өз денсаулығын жіті бақылып, нашар сезінген жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Осы қарапайым ережелерді орындай отырып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырудың алдын алуға болатынын есте сақтаған жөн.

Гүлжаһан АБДИРАСИЛОВА
Шымкент қалалық №1 клиникалық
ауруханасы мейіргері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.