Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 07:17«Қазақстанның Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төраайымы Баян Жандосова бүгін Адияров көшесіндегі №180 учаскеге референдумға қатысу және таңдау жасау үшін келді.
—Әйелдер Қазақстанда әрқашан халықтың ең белсенді бөлігі болды. Аналар, әжелер, кәсіпкер әйелдер ел дамуына өз үлесін қосты. Біз еліміздің әл-ауқаты мен дамуы әр азаматтың тікелей байланысты екенін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені, Қазақстан Үкіметі осындай жауапты мәселе бойынша шешім қабылдау барлық қазақстандықтардың пікірі ескерілу тиіс деп референдум өткізіпжатыр. Үкімет пен біздің Президентіміз біздің әлеуметтік жауапкершілігімізге, белсенді азаматтық ұстанымымызға сенеді, олар Қазақстан халқына сенеді, біз бәріміз бірге Қазақстанның экономикалық өрлеуіне, өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын дұрыс таңдау жасайтынымызға сенімдіміз, — деді Б.Жандосова.
Референдумда қабылданатын шешім еліміздің жарқын болашағына жол ашады
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 07:11Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді.
Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болмауы үшін осынау маңызды мәселе бойынша өзінің пікірі мен көзқарасын білдіріп, таңдауын жасауды азаматтық борышы деп есептейтінін айтады.
–Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Таңертеңнен Шымкент қаласы Қайтпас шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтиын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін, - деді Мұхтархан Қабланбекұлы.
Айта кетейік, Мұхтархан Ділдәбеков – Шымкент қаласындағы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері.
Сайлаушылар дауыс беріп ұлттық ойынға қатысып, сыйлықтар алды
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 07:11Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.
Шымкент қаласының №1 олимпиада резервін дайындау спорт мектебінде орналасқан №107 референдум учаскесі орналасқан. Мұнда таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың легі толассыз жалғасып жатыр. Мұнда келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату секілді ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
Тұрғындар дауыс беруге көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ұлттық ойындар бойынша сайыстарға белсенді түрде қатысты. Ұйымдастырушылар спорттық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.
Референдум учаскелерінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылуда
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 06:29Шымкент қаласында референдумға келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар референдум учаскелерінде тұрғындар арасында әртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.
Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионында №90 референдум учаскесі орналасқан. Мұнда таңертеңнен бастап дауыс беруге келген азаматтардың легі толассыз жалғасып жатыр. Мұнда келген азаматтар гір тасын көтеру, асық ату секілді ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
Тап осындай сайыстар Әлия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінде орналасқан №326 сайлау учаскесінде де ұйымдастырды. Бұл учаскеде негізінен Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданының тұрғындары тіркелген. Тұрғындар дауыс беруге көтеріңкі көңіл-күймен келіп, ұлттық ойындар бойынша сайыстарға белсенді түрде қатысты. Ұйымдастырушылар спорттық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар табыс етті.
Қоғам қайраткерлері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 06:05Шымкент қаласы Ақжайық шағынауданындағы «Тұлпар» балабақшасында №218 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Аталған учаскеге қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев пен Шалатай Мырзахметов отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
– Бүгін халқымыз атом электр станциясының құрылысына байланысты маңызды шешім қабылдайды. Бұл еліміздің болашақ эқоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шешім болмақ. Халқымыз ынтымақ-бірлігін көрсетіп, еліміздің болашағына оң әсер ететін шешім қабылдайы деп сенемін, - деді Ш.Мырзахметов.
Ал, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев ел тағдырына жаны ашитын азамат ретінде референдумға белсенді түрде қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келгенін айтады.
Айта кетейік, Шалатай Мырзахметов – қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымдағы депутаты болса, Орынбай Рахманбердиев – үшінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, халықаралық байланыстар, қауіпсіздік және қорғаныс ісі комитетінің мүшесі болған.
Біз өз таңдауымызды жасадық!
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 05:16Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз.
Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр.
Мемлекет өмiрiндегі аса маңызды мәселеге арналған бүкiлхалықтық дауыс беру - болашақ мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Бұл биліктің халық пікірімен санасуы, үлкен өзгерістің бастамасы деп білемін.
Бұл референдум әрбір қазақстандықтың саяси мәдениетін, жауапкершілігін, билікке деген сенімін арттырады.
Референдумға қатысып, қоғамға үн қосу арқылы еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күнде жұдырықтай жұмылуға шақырамын!
Шымкенттіктерге референдум барысында сыйлықтар берілді
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 05:00Шымкентте референдумге келген дауыс берушілерге ерекше сыйлықтар берілді. Сондай сылықтардың біріне №130 учаскеде алғаш болып дауыс берген Салин Әмірханұлы Ділдәбеков ие болды. Учаске ашылған уақытта алғашқылардың бірі болып келіп дауыс бергені үшін оған дәстүрлі қазақ шапаны табысталды.
Осылайша сайлаушыларға ерекше көңіл бөлу дауыс берушілер арасында мерекелік көңіл күйді қалыптастырып, әрбір азаматтың дауысының маңызды екендігін көрсетеді. Референдум ұйымдастырушыларының сыйлықтары бұл күнді өз елінің болашағын қалыптастыруға белсенді қатысатын шымкенттіктер үшін ерекше етуде.
Шымкент әкімі АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Воскресенье, 06 Октябрь 2024 04:06Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Түркістан сарайы" ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде АЭС бойынша референдумға дауыс беруге қатысты.
Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады.
Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы.
Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда бүкіл республика бойынша референдум өткізіледі, оның барысында қазақстандықтар бір негізгі сұраққа жауап беруі тиіс: "сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?"Жауаптың екі нұсқасы бар:" иә, келісемін (-Қосулы)" немесе "жоқ, келіспеймін (- қосулы)".
Референдум күні Шымкенттегі барлық қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды, бұл учаскелерге баратын азаматтарға ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.