Ет өндірісі 16 пайызға артқан

Среда, 24 Апрель 2024 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 165 раз

2023 жылы Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (алдын ала мәліметтер бойынша) 52400,2 млн. теңгені құрады. Бұл 2022 жылға қарағанда 0,3 пайыз жоғары. Оның ішінде мал шаруашылығы 34457,4 млн. теңгені құрап, 13,3 пайызға артса, өсімдік шаруашылығы 17465,9 млн. теңгені құрап, 19,1 пайызға кеміді.

 

Ет өндірісі Шымкент қаласы бойынша шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2022 жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға артып, 10,3 мың тоннаға жеткен. Ал, сиыр сүті 9,7 пайыз, яғни 59,6 мың тоннаны, ал тауық жұмыртқасы 171,5 млн. данаға жетіп, 20,8 пайызды құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 32,1 пайызға артып, 97,6 мың басқа жетті. Оның ішінде жылқы – 21,1 мың (36,4%), қой мен ешкі –125,8 мың бас (52,4%). Ал, құстар 2,1 пайызға кеміп, 859,0 мың басты құрады.

А.ӘЛІМБЕКОВА,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта
статистикасы бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.