Бірлік бар жерде бақ тұрады Избранное

Пятница, 26 Май 2017 04:55 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4012 раз

Қашанда береке бастауы бірлік болған. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің басты жетістігі ел халқының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы.

4a86f78d-ed48-48ca-a380-24ec41ca3245

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында: «Қазақстан – көпұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте», – деген болатын. 

Осы аптада Шымкентте «Берекелі бірлікпен – рухани жаңғыруға» тақырыбымен өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы елдің тұтастығы мен тыныштығын нығайтқан, бірлігімізді бекемдеген салиқалы басқосу болды. 

Жиынға этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, аудан, қала әкімдері, облыстық мәслихаттағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері және зиялы қауым мен жастар, БАҚ өкілдері сынды жалпы саны 800-ден астам адам қатысты. Сессия жұмысын ашқан аймақ басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ж.Түймебаев басқосудың мақсатымен таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында жүктеген бірқатар міндет-мақсаттардың облыста жүзеге асырылу барысына тоқталды.

18698459 1834010666925864 2983001279439010738 n

– Үшінші жаңғырудың межесі – айқын, міндеті – белгілі. Ұлттық сананы қалыптастыруда ата дәстүрін жалғап, тілін, тарихын төрге оздырған, жарасты қоғам құрып, жасампаз еңбегімен ел қуатын арттырған оңтүстікқазақстандықтар Елбасы қойған мерейлі міндеттердің үдесінен шығады деген ойдамын. Үш миллионға жуық тұрғыны, тоғыз жүзге жуық елді мекені бар Оңтүстік Қазақстан жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан қасиетті өңір саналады. Бағалай білгенге бұл үлкен күш, ауқымы кең әлеует. Өңірдің мәдени әралуандығын қамтамасыз етуде облыстық 20 этномәдени бірлестік жұмыс жүргізіп, халқымыздың байырғы меймандостық, бауырластық, еңбеккерлік сынды асыл дәстүрлерін үздіксіз жалғап келеді. Ассамблея атқаратын жұмыстың арқауы – стратегиялық құжаттарды жұртшылық арасында түсіндіру, олардың іске асыруға қоғамды жұмылдыру, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

18739700 1797991017196034 3417995379506810381 n

Жиында облыс әкімі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға сүбелі үлес қосқан 8 азаматқа Құрмет Грамотасын тапсырды. Бұдан соң жарыссөзге Шымкент қалалық оқушылар сарайының директоры Наталья Романова шығып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жиында Ауғанстан Республикасының азаматы, бүгінде Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алып жатқан Ясир Рашид қазақстандықтардың бақыты тәуелсіздікте, бейбіт, тыныш өмірде, елдің саяси тұрақтылығында екенін айтты.

– Менің жастық шағым от пен оқтың арасында өтті. Мен сияқты мыңдаған ауғанстандық жастар, Қазақстандағы бейбіт заманға қызыға қарайтыны жасырын емес. Өйткені сіздерде тыныштық, бейбіт өмір бар. Өсемін, өркендеймін деген әрбір адамға мол мүмкіндіктер жасалған, – деді ол өз сөзінде.

18582128 1834010466925884 5481118345706650553 n

Сессияны қорытындылаған облыс басшысы елдің ынтымағы мен бірлігін сақтап, нығайтудың маңыздылығына тоқталып, алда тұрған міндеттерді іске асыруда облыстық ассамблеяға бірқатар міндеттер жүктеді. Сессия барысында облыстық ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары болып облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили бекітілді.

Ассамблея сессиясы арнайы концерттік бағдарламаға ұласып, Елбасының сөзіне жазылған «Шұбар ат», «Үшқоңыр», «Жерім менің», «Елім менің» әндерінен этномәдени бірлестіктердің әртүрлі тілдегі попурриімен аяқталды.