Құрмет көрсеттi

Среда, 20 Июль 2016 07:03 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4536 раз

Қариялар қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы бұл мақсатта қайырымдылық іс-шараларын ұдайы өткізіп келеді. Соның бірі – «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясындағы акция.

DSC01912

Филиал төрағасы Өмірзақ Мелдеханов қаладағы №5 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне барып, ардагерлердің хал-жағдайымен танысты. Қоғамның қай тобының өкілі болса да, партия назарынан тыс қалған емес. Өмірзақ Пердебекұлы ардагерлердің айтар уәжін тыңдап, ашық сұхбат құрды. Ұсыныстар тыңдалды.

Мекемеде бүгінде 241 ардагер қамқорлыққа алынған. Бәрінің де көңіл күйі жақсы.
Қарттары бар елдің қазынасы мол. Филиал төрағасы партия тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын айта келе, мекемеге жаттығу құрылғысын сыйға тартты. Ал айтылған талап-тілектерді мәслихаттың тұрақты комиссияларында көтермек.
Мекеме басшысы Мақсұтхан Дүйсебеков партия басшылығына алғысын айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.