Мектеп формасы – ережемен бекітілген тәртіп Избранное

Среда, 16 Ноябрь 2016 06:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4978 раз

Бүгінгі таңда отандық БАҚ беттерінде мектеп оқушыларының хиджаб  киюіне қатысты мәселе қоғамдағы жиі қозғалатын тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, хиджаб киген оқушылардың сабаққа қатысудан бас тарту оқиғаларының орын алуы мәселені одан сайын ушықтыра түсуде. Аталмыш мәселеге қатысты дінтанушылар, мектеп ұстаздары мен ата-аналар, құзырлы органдардың мамандары әр түрлі пікір айтуда.

123Соңғы үш-төрт жылдағы қоғам назарына іліккен «хиджаб мәселесі» мектеп басшылығының оқушылардан бірыңғай мектеп формасын талап етуінен туындады. Мұндағы талап етілген мектеп формасы әр мектептің ішкі жарғысымен бекітіледі. Алайда, бұл талаппен келіспейтін кейбір ата-аналар «Құран мен сүннетте мұсылман әйелдің бүркеніп жүруі міндеттелген» деп уәж келтіруде. 

Осы тұста кейбір азаматтарымыздың еліміздің 25 жылдан бергі зайырлылық ұстанымын әлі де жақсы түсінбейтіндігін және құқықтық, діни сауаты төмен екендігін аңғартады. 

ҚР «Білім туралы» Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес «ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту білім беру ұйымдарының құзыретіне кіреді» және 47-бабының 15-1-тармағына сәйкес «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті». Яғни, оқушылар мектеп басшылығы бекіткен форманы сабақ барысында киюге міндетті болып табылады. 

Сонымен қатар ҚР Конституциясының 30-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР азаматтары орта білім алуға міндеттелген. Яғни, қандай уәж болса да, орта білім алудан бас тартуға жол берілмейді.
Дін тұрғысынан да білім алу – парыз. Оны сауатты дін ғұламалары жақсы біледі. Бұл жайында еліміздің сарапшы-дінтанушылары діни ұстаным мен білімді қатар қойғанда білімнің үстемдігін алға тартады.

ОҚО Дін істері
жөніндегі басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.