СОТ ҚЫЗМЕТІ АШЫҚ, ЖЕДЕЛ, ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 215 раз

Өткен жылы Мемлекет басшысының 15 мамырдағы №216 Жарлығымен Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық соттары бірігіп, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты және Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты болып қайта құрылған болатын.

sot

 

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Ғани Бектаевтың мәлімдеуінше, былтыр аудандық соттарға 23 868 талап арыз түскен, оның 17 531-і аяқталған (9384-не шешім шыққан, 5919 арыз кері қайтарылған, 396 арыз қабылдаудан бас тартылған). 1938 іс алдыңғы жылдан өткен, 2652 -сі татуласу рәсімімен аяқталған. 2022 жылмен салыстырғанда былтыр арыз-шағым 415-ке көп түскен. Бұл — қала тұрғындарының құқықтық сауатының артып келе жатқанының дәлелі.
Азаматтық істер бойынша 2023 жылы 12 айда 1226 іске апелляциялық шағым, наразылық, жеке шағым түскен. Оның 1137-сі қалалық сотқа жолданған, 89-ы қалалық сотқа жолдауға әзірленуде, 26-сы кері қайтарылған.
—Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті. Сот мәжілісі залдары түгелдей аудио және бейне жазба құрылғыларымен жабдықталып, сот отырыстары түгелдей дыбыс-бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы өткізілуге көшті. Дыбыс-бейне жазба қондырғысы 18 сот мәжілісі залына (Абай сотының ғимаратында 10 сот залы, Еңбекші сотының ғимаратында 8 сот залы) орнатылған. Тағайындалған істердің барлығы дыбыс-бейне жазба құралы арқылы қаралып, дискілерге жазылып, іске тіркеледі, -- деп атап өтті сот төрағасы.
Бірінші сатылы соттардың сот актілері мен сот отырысының хаттамалары уақытылы дайындалып, электронды нұсқасы «ТӨРЕЛІК» СО бағдарламасына енгізіліп, тараптар мен мүдделі тұлғаларға уақытылы жолдануда.
–«Сот кабинеті» сервисі азаматтардың сотқа келуін міндеттемей, арыз-шағымын интернет арқылы үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ жолдауына жол ашты. Осы сервис арқылы былтыр 9480 іс түсті,–деді аталған соттың төрағасы.
Осылайша Тәуелсіздік жылдарында аймақтағы сот жүйесі бірқатар өзгерістерді өткеріп, жылдан-жылға даму үстінде. Сот жүйесі бүгінде қолжетімді және ашық бола түсті, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігі де артып келеді.

Ө.АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.