Күмәнді мәмілелерден сақтаныңыз!

Среда, 21 Февраль 2024 04:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 207 раз

Технология дамыған бүгінгі заман бізге кез келген затты, қызметті интернет арқылы онлайн алуға кең мүмкіндік ашып отыр. Алайда, бұл қоғамда  интернет-алаяқтықтың да кең өріс алуына жол ашты.

 

 

Ақшасын алдын-ала аударып, тауарын ала ала алмай, өз атынан несие рәсімделгенін білмей жүргендер айналамызда өте көп. Шымкент қалалық прокуратурасында БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырманы көп блогерлердің қатысуымен өткен жиында виртуалды қылмыстардың алдын алу мен одан сақтанудың жолдары,қаржы пирамидаларының іс-әрекеттері туралы айтылды.
–Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау-арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе сұранысқа ие Instagram әлеуметтік желісінде кімнің ақ, кімнің арам екенін ажырату өте қиын. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды,–деген прокуратура қызметкерлері қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескертіп өтті.
Сөз соңында прокуратура қызметкерлері интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Ө.АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.