Қазақстан алғаш рет әлемнің «орта державалары» тізіміне енді Избранное

Пятница, 16 Февраль 2024 09:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 388 раз

Германияның "Ғылым және саясат қоры" (SWP) беделді ғылыми-сараптамалық орталығы «Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды акторлар» атты көлемді мақалалар жинағын шығарды.
Дәстүрлі түсінік бойынша "орта державалар" ұғымы әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді білдіреді. Түркия, Израиль және Үндістан сияқты елдер кіретін SWP-ның орта державалар тізіміне Қазақстан алғаш рет кіріп отыр.
SWP орталығының Германия үкіметімен және Парламентімен әріптестігін ескерсек, Еуроодақ Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға назар аударып жатқандығын байқауға болады.

ukimet

 

Сыртқы саясат

SWP мамандарының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің сыртқы саясатымен ерекше көзге түсуде. Бұл Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншыға айналуына себеп болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Батыс және Қытаймен экономикалық қатынастарды біртіндеп дамытуда. Әсіресе шикізат секторында.
Көршілес Ресей мен Қытайдың ұтымды жағдайының себебінен, Қазақстанның сыртқы саясатының миссиясы екі аймақтық державаның ықпалын сыртқы байланыстардың барынша кең спектрі арқылы тежеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мұндай тәсілді сарапшылар одақтар мен серіктестерге прагматикалық қатынас ретінде сипаттағанымен, бірлескен аймақтық дамуға деген айқын ұмтылыс байқалады. Мұны "тәуелсіз негіздегі ортақ жауапкершілік" деуге болады.
Айтпақшы, жауапкершілік жайында. Сарапшылар Қазақстан халықаралық саясаттағы амбицияларын бастапқы кезеңде жүзеге асыра алғанын мойындады. Мысалы, еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті, Сирия қақтығысына арағайын болды ("Астана процесі"). Еуразияның басқа да ықпалды ұйымдарына мүше болғаны еске алынды.

Тұрақты даму

Серіктестерді әртараптандыру тұрғысынан да Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге жетті. Орталық Азиядағы көршілерінен айырмашылығы, қазақстандық нарық 1990-шы жылдары бірінші кезекте мұнайдың бай қорларын барлауды көздеген батыс инвесторлары үшін ашық болды.
Нәтижесінде, Еуроодақ Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор болып тұр және сыртқы сауданың 40% үлесін иелене отырып, елдің ең маңызды экономикалық серіктесі болып табылады.
Өзбекстанның өзі 25 жыл бойы протекционистік (тіпті оқшаулану) саясатты ұстанып, тек 2016 жылы әлемге есігін ашты.
SWP-тің пікірінше, украиналық қақтығыс Қазақстанға әртараптандыру тұрғысынан жаңа серпін бере білді. Бұған дәлел, салынып жатқан жаңа көлік бағыттары, жаңартылатын энергия көздері мен қайта өңдеу өнеркәсібі секторына инвестициялар тарту жөніндегі ақпараттық науқан.
Қазақстанның Қытайдың "Жібек жолына" ғана емес, Еуроодақтың "Жаһандық қақпа" стратегиясына да сүйене отырып, әртараптандыруға деген ұмтылысы да сарапшылардың қызығушылығын туғызуда. Осыған байланысты республика өзінің географиялық және тарихи рөлін "Шығыс пен Батыс арасындағы көпір" ретінде бекітіп отыр.

Энергетика

Украина дағдарысы себебінен Германия мен Еуроодақтың көптеген елдері мұнай мен газдың кейбір көздерінен айырылып отырған жайы бар. Еуропа бұл мәселені шешуде өзара тиімді және жауапты серіктестік құра алатын жолдарды іздеу үстінде екені айдан анық.
Мұнай-газ секторы және жаңартылатын энергия көздері саласында әлеуетті экспорттаушылар қатарында Қазақстан да лайықты орнын табу үстінде. Германияның өзі алдағы жылдары Қазақстанға (және кейбір басқа елдерге) нарықтық үстемдік бере алатын сутегі серіктестігінің мүмкіндігін зерттеу үстінде. Мұндай үстемдікті Шығанақ елдерінің мұнай саласындағы әсерімен салыстыруға болады.
Ол үшін қажетті сәтте лайықты орынға ие болу үшін Қазақстанның энергетикалық трансформацияға дайын болуы өте маңызды.

Қорытынды

SWP-тің мақаласы еуропалықтарға күтіп тұрған өзгерістер туралы ескерткендей іспетті: енді олар бұрын стратегиялық қашықтықта – «ит арқасы қиянда» болған елдермен қарым-қатынас жүргізуге мәжбүр. Десек те, оларға серіктестік сол кезеңде қаншалықты тиімді болса, қазір де экономикалық және саяси жағынан тиімді.
Еуропалық Одақ елдерінің ақпараттық күн тәртібінде Қазақстан жаңа экономикалық және саяси әріптес ретінде ғана емес, инвестициялар алаңы ретінде сипатталатыны күтілуде. Оның бастамасы Президент Қ.Тоқаевтың шетелдік сапарлары аясында жүзеге асып жатыр.
Осылайша, Президенттің 2023 жылғы жұмыс сапарлары кейбір еуропалықтардың санасында Қазақстанның идеологиялық шектеулерден тәуелсіз, өз мүдделерін сенімді қорғай білетін және дипломатия өнері қажет болған жерде жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын егемен мемлекет ретіндегі бейнесін бекітіп үлгерді.

sayasat.kz

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.