ГРАНТ АЛЫП, ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРДІ Избранное

Пятница, 22 Декабрь 2023 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 916 раз

Қала тұрғыны Субхидам Мойдинова мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаржысына үй ауласындағы 1,5 соттық жерге жылыжай орнатып, 1500-ге жуық құлпынай көшетін отырғызған. Көпбалалы, әрі ерекше бала асыраушы отбасы бұл күндері құлпынайдың кабрилла сортынан алғашқы өнімін ала бастады. Еңбекқор ана істің көзін тауып, аядай жерден жылына үш рет өнім алуды жоспарлауда. Өнімді мол алу үшін тамшылатып суару әдісін қолданып отыр.

klub

 

– Ниет болса барлығына қол жеткізуге болады екен. Үйде бала күтімінде құр отырмайын деп, осы істі бастадым. Әзірге құлпынайды дүкендерге өткізіп жатырмын. Шыны керек осы табысыма қайтарымсыз грант үлкен көмек болды, – дейді С.Мойдинова.
Халықтың тұрмысын жақсартуда мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үлесі орасан. Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грант жалпы саны 452 азаматқа берілді. Грант алған азаматтар тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары, қолөнер және тігін тігу кәсіптерімен айналысуда. Қайтарымсыз грант осылайша отандық, оның ішінде шымкенттік өнім көлемін арттыруға септігін тигізуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.