Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтуде. Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Ересектер арасындағы «trap/mix» аралас жаттығуының ақтық сынағында шымкенттік спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Мария Дмитриенко 2016 жылы Бразилиядағы XXXI жазғы Олимпиада ойындарына қатысты, жеке есепте 8-орынды иеленіп, әлемнің ең мықты 10 мергені қатарына енген спортшы.
Қазақстан құрама командасы мылтық, тапанша, трап, скит, командалық және аралас жаттығулар бойынша шеберліктерін көрсетуде.
Бакудегі Әлем кубогы – спортшылар үшін өте маңызды бастама. Өйткені онда рейтингті көтеру арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға квота алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ISSF Олимпиадасында Қазақстанның намысын 3 мерген қорғап, олимпиадалық лицензия алған болатын. Оның ішін шымкенттік спортшылар Зоя Кравченко мен Юрий Юрков да бар.