500 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 05:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 199 раз

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2023 жылы атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы баспасөз брифингі өтті. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев еңбек қатынастарын реттеу, жалақы қарыздарын өтеу, еңбек дауларын шешу бағытындағы жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

brif111

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсарту мақсатында кәсіподақтар федерациясы 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялаған болатын. Қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша кәсіподақтар орталығы ауқымды жұмыстар атқарды.
– Былтыр әлеуметтік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік (үш жақты) комиссияның 6 отырысы өтті. Күн тәртібінде кәсіпоақтар бірлестігімен еңбек дауларын және жалақы бойынша қарыздарды өндіру мәселесі қаралды. Өзекті екі мәселе шешімін тапты. Жыл қорытындысы бойынша қаланың 70 кәсіпорнындағы 1150 қызметкерге 484,7 млн теңге сомасында жалақы қарызы төленді. Сонымен қатар, соңғы 2 жылда өндірістік жарақаттар 50 пайызға төмендеді, – деді Б.Әлтеев.
2023 жылы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіподақ көшбасшылығы тақырыптарында 44 семинар өткізіп, оған 870 кәсіподақ мүшесі қатысты.
«Татуласу» орталығында жалпы 88 адамға тегін кеңес берілген. Кәсіподақ федерациясы 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялады. Лайықты еңбек жылында қызметкерлерге әділеттілік, қауіпсіздік және адамның қадір-қасиетін құрметтеу жағдайында сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беретін еңбек жағдайын қамтамасыз ету көзделген.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.