Білімі күшті мыңды жығады Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 655 раз

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге 1 қыркүйектен өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баспасөз брифингінде мәлімдеді.

148

 

Талаптарға сәйкес, кезекті іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді, бес жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В 1 деңгейінен төмен емес меңгерген ҚР азаматы қатыса алады.
–Биылғы іріктеуде мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігі ескеріліп отыр. Кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам салаларында үздіктер іріктеледі. Жастарды осындай маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырамын, – деді Шәкір Асылханұлы.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтеді. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады. Бұған дейін Шымкент қаласынан 10 адам іріктеуден өткен еді.
Сондай-ақ, баспасөз брифингінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев құжаттарды қабылдаудағы бірқатар ерекшеліктерді атап өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.