Билік бұқараға жақындады. Халықтың арыз-арманы, өтініш-тілегі атқарушы, жергілікті билік тарапынан назарға алынып, күрмеуі қиын мәселелердің түйіні шешімін тауып жатыр. Бұл, ең алдымен, «Еститін мемлекет», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамалары қол жеткізген жетістіктер деп білеміз.

Otaan

Он облыстағы су тасқынының қауіпі әлі сейілген жоқ. Жағдайды оңалту үшін өте көп қаржы керек. Мемлекеттік көмектен бөлек халық та өз үлесін қосып жатыр. Жақында әлеуметтік желіде шынашақтай қыздың әрекеті жан сүйсіндірді. Бәйдібек ауданының тұрғыны гуманитарлық көмек жинап жатқан қауымға келіп, шағын қорапшаға өзі жинап жүрген ақшасын ұсынған. «Батыста халық қатты қиналып жатыр ғой. Менің кішкентай болса да көмегім болсын» депті алтын қыз.

Sualu

САУСАҚ БІРІКПЕЙ, ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:50

Төтенше жағдайдағы өңірлерде тұрақталу байқалады

Биылғы көктем өте асау мінезбен кірді. Қыс мезгілінде көп мөлшерде жауған қасат қар күн күрт жылыған соң тоң жерге сіңе алмай көлкіген, арыны қатты айдынға айналды. Тасқынның беті қайтты деп тәубе айтқанымызбен, әлі де түйткіл мәселелер көп. Өткенде Ресейдің жиырма бес аймағын топан су басып қалғанын айттық. Көрші мемлекеттің Қазақстанмен шектесетін губернияларында жағдай әлі де күрделі күйінде тұр. Әлеуметтік желіде кезінде қазақ автономиясының тұңғыш астанасы болған Орынбордың қарғын су қауіпінде тұрғаны айтылып жатыр. Бұл дегеніңіз, жарылған дамбының суы Атырауға жетіп, әбігерге салуы әбден мүмкін деген сөз.

SuTas

Жағдай расында, өте қиын. Мұндай ірі тасқын елімізде болмағанына сексен жылға жуықтапты. Он аймақта төтенше жағдай жарияланған. Қазір «менің үйім тысқары» деп сырттан қарауылдайтын уақыт емес. Жердің тоңы қалың. Сіңбеген қызыл су күрт көтеріліп, елді мекендерге қатты қатер төндіріп жатыр. Үндеуде Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына да сөз арнады.

SuTas

«Айтамын жарамазан есігіңе...»

Пятница, 05 Апрель 2024 06:29

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Жарамазан жарасар дәстүріме» атты байқау өтті.

Jaramasan-1

Өткен жылдың соңы мен биылғы көктем елімізге ауыр сынақ әкелді. Ғалымдар адамдар өзгеріп барады дейді. Табиғат та шәлкем-шалыс келіп тұр. Арқада қарашаның аяғында жаңбыр жауып, артынша қасат қардан сірескен мұз басып қалды. Тебіндегі жылқының тұяғы кертілді. Мыңдаған жылқы жем-шөпке жарымай, аязда қатып қалды. Жұт деген осы шығар.

SuAlu-1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде келелі ойлар айтылды.

Kuriltai-1

«Наурыз» алаңында Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай «Шуақ шашқан әз-Наурыз» салтанатты мерекесі өтті. Іс-шараның мақсаты – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау.

KarindaS

Страница 4 из 6