17 кәсіпкердің құқығы қорғалған

Суббота, 05 Март 2016 06:40 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 7328 раз

Облыста кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстары қарқын алмақ. 2016 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасының қарауына бизнесті қорғау бойынша 53 өтінім түскен.

IMG 7315Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте Әкімшілік кедергілерді төмендету департаментінің жетекшісі Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.
Кәсіпкерлік субьектілерінен түскен өтініштің көп бөлігі мемлекеттік сатып алулар саласында – 14 өтінім, жер қатынастары – 11, сәулет және қала құрылысы – 7, электр қуаты және газбен қамтамасыз ету – 7, рұқсат алу – 5, тексерістер – 3 және басқа салаларда – 6 өтінім түскен. Қазіргі таңда 17 өтінім кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Т. Нақыпбековтың айтуынша, әсіресе мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылық көбейіп тұр. Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар тарапынан әдейі әлеуетті өнім берушілерді шектеу мақсатында талаптарды қиындатып, түрлі шарттар қойылатын көрінеді. Алда осы әкімшілік кедергілерді жою мақсатында іс-шаралар көбейе түспек.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.