Кітап оқу – озық ойлы ұлт болу Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:13 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1531 раз

Шымкентте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап оқу – озық ойлы ұлт болу» тақырыбында әдеби кеш өтті. Іс-шараға түрлі салада қызмет ететін кітапсүйер қауым жиналды.

KitaP11

 

Іс-шара барысында жас таланттардың орындауында әндер, әдеби композициялар, күйлер орындалды.
—Бүгінгі кештің мақсаты кітапты, кітапхананы, жазушыларды дәріптеу, қала тұрғындарының назарын кітап оқуға аудару. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымызды, тіліміз бен ділімізді сақтап қалуда отандастарымыз кітап оқуға талпынуы керек. Мектеп оқушыларының, студенттердің, жас буын өкілдерінің кітап оқуға деген махаббатарын ояту қажет,– деді кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова.
Айта кетейік, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні еліміздің барлық қалаларында аталып өтуде.

Абылайхан ЕРМАХАНҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.