Шәмші әндері шарықтаған күн Избранное

Пятница, 18 Август 2023 04:36 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1652 раз

15 тамыз – Қазақстанның Халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов дүниеге келген күн. Ұлтымыздың біртуар композиторының туған күніне орай Шымкентте «SHAMSHI» атты әншілер байқауы өтті. Үш күнге жалғасқан ән сайысы қаладағы тұлғаның атына берілген аллеяда қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды.

102

 

Еліміздің кең байтақ даласы мен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толы қайталанбас Шәмші әуендері ғасырдан-ғасырға әуелей беретіні ақиқат. Салтанатты кеште қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шакеев Шәмшінің шығармашылығы ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп әкелгенін тілге тиек етті.
–Ұлы дарын иесі өмірден өткенімен, көңілден кетпейді. Үш күн қатарынан шырайлы Шымқаламыздың аспанында Шәмшінің әсем әндері қалықтап, тыңдарманға тамаша көңіл-күй сыйлады. Байқаудың талаптарына сай, 14 жастан бастап қаламыздың талантты ұл-қыздары қатысып, екі іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер ақтық кезеңде бақ сынасты. Тыңдарманды тәнті етіп, ақтық сыннан сүрінбей өткен өнерпаздарымызға қазылар алқасы өз бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған ұлы композитордың әсем әндерін әуелеткен өнерпаздарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді басқарма басшысы.

101


Байқауда қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бас жүлдені Айдос Сұлтанбек жеңіп алса, І орынға Жандос Әшірбек, ІІ орынға Мәди Сатман мен Мамырхан Жұбатов, ІІІ орынға Самат Әзімқұлов, Аяулым Қойшыбай, Әмірхан Сапарбек және Дәмелі Керімбекова лайық деп табылды. Сонымен қатар, әншілер арнайы номинациялармен де марапатталып, барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды.