Шымкентте «ShymkentPlaza» ойын-сауық орталығында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай кітап сөресі ашылды. Бұл – қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Bookcrossing» жобасы аясында қолға алынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кез-келген оқырман осы кітап сөресінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін алып оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмастыруына болады.
– Сөреге түрлі жанрдағы 200-ге жуық кітап қойылды. Осындай тәжірибенің арқасында кітап сөресі толығып әрі жаңарып отырады. “Bookcrossing” қозғалысы АҚШ-та пайда болып, қысқа мерзімде көптеген елдерде қолдау тапқан. Оның мүшелерінің саны қазіргі таңда 1,5 миллион адамнан асты, – дейді Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбар.
Айта кету қажет, кітап сөресінің ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті, Абай атындағы кітапхана мен Шымкент қалалық жастар мәслихатының мүшелері, Шымкент қалалық департаменті, Абай атындағы кітапхана мен Шымкент қалалық жастар мәслихатының мүшелері атсалысты.