Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және одан мемлекетке келтірілген шығын толығымен өндіріледі

Четверг, 29 Декабрь 2016 10:39 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6270 раз

2015 жылдың қаңтар айында жаңадан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшін жауаптылық күшейтілген.

Қазақстан Республикасы 1997 жылғы Қылмыстық Кодексінің 242 бабына сай дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау -          екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Ал, жаңадан қолданысқа енгізілген Қылмыстыық Кодекстің 273 бабына сай дәл сол әрекет үшін тек қана алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны айқындалған. Яғни, айыппұл салу немесе бас бостандығынан шектеу жазалары алынып, тек қана бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Аудан аумағынды терроризм актiсi туралы 2 көрiнеу жалған оқиғасы орын алып, 2 тұлғада бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.

Атай айтқанда, 29.06.2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің ОҚО бойынша Департаментіне Шымкент қаласының тұрғыны О.В. есімді азамат көпқабатты үйде жарылғыш құрылысы қойылған деген хабарлама түскен.

Аталған хабарлама бойынша шұғыл түрдеішкі істер бөлімдерінен 250 адам, 25 техника, төтенше жағдайлар басқармасынан 42 адам, 8 техника, 2 жедел жәрдем автокөлігі және криминалистикалық арнайы құралдармен жабдықталған 3 автокөлік жұмылдырылды.

Осыған орай, шұғыл түрде аталған үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылып, арнайы үйретілген иттер және саперлармен жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүргізілген.

ОҚО ҰҚК, ОҚО ІІД-нің жедел уәкілдерімен шұғыл іздестіру амалдарына кірісіп, дер кезіндегі жедел іс шаралар жүргізу нәтижесімен күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны 53 жастағы О.В. есімді азамат анықталып ұсталған. Дегенмен, арнайы қызмет және полиция органдары қызметкерлерімен аталған көпқабатты тұрғын үйдің подъездерін арнайы құралдармен мұқият тексеріліп, бұл үйде жарылғыш заттың жоқтығына көз жеткізген.

Аталған жәйт бойынша Шымкент қаласы Абай полиция бөлімінің тергеу бөлімімен күдікті О.В. есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (қылмыстық іс қозғалған).

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен О.В. Қазақстан Республикасы ҚК-ң 273 бабында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге жіберілген.

Бұдан басқа, Абай аудандық прокуратурасымен О.В. есімді азаматтың іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген 303 623 теңге шығынды өндіру мақсатында сотқа талап арыз беріліп, сотпен мемлекет пайдасына 303 623 теңге өндірілген.


Абай аудандық прокуратурасының аға прокуроры                                                                        Б.Утенов  

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.