Бірнеше адамға қатысты алаяқтық қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Пятница, 23 Декабрь 2016 11:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2973 раз

Қазіргі таңда Республика бойынша алаяқтық қылмыстары кең етек алуда. Қылмыстарды алдын алу шаралары құқық қорғау органдарымен бұқаралық ақпарат ақпарат құралдары арқылы жарияланып отыр. Осыған қарамастан, адамдар өздерінің көздеген мақсаттарына оңай жолымен жетуі үшін әліде болса алаяқтардың арбауына түсіп отыр.

Атап айтқанда, 2015 жылдың шілде айында Шымкент қаласының тұрғыны «А.С.М.» өзінің «И» есімді танысының жұмыс істеп жүргенін естіп, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен оған ОҚО Созақ ауданы, «КазАтомПром» АҚ-ның зауытында бөлім басшысы қызметін атқаратынын айтып сендіріп, жұмысқа аламын –деп, 25 000 теңгесін алып бас пайдасына жаратқан.

Сол сияқты, күдікті «А.С.М.» 2015 жылдың шілде -тамыз айларында жұмысқа тұрғызып беремін- деп, облысымыздың 35 тұрғындарынан жалпы 840 000 теңге қаражаттарын алып өзінің пайдасына жұмсаған.

«А.С.М.» аталған азаматтардың сенімдеріне кіру үшін олардың ішінде екі адамды сенімді өкіл ретінде өзімен бірге Алматы қаласындағы «КазАтомПром» АҚ-ның бас ғимаратына апарған.

Абай аудандық сотының 18 мамыр 2016 жылғы үкімімен азамат «А.С.М.» ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 3 тармағыменкінәлі-деп, танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Абай аудандық прокуратурасының прокуроры   Ф.Айтимбетов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.