«Азаматтарға арналған үкіметте» Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерін кешенді тексеру жұмыстары жалғасуда

Пятница, 25 Ноябрь 2016 10:16 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 8576 раз

Қызметтік тексерулер Ақмола, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде болып өтті. Жоспарланған кесте бойынша мұндай тексеру жұмыстары 13 облыстық филиалдарда өтетін болады. Тексеру жұмыстары уақытына ЖКжЖМТТ департаменттерінде мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болатын арнайы сенім телефоны 8 7172 27-23-14 құрылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы орынбасары Медет Құмарғалиевтың айтуы бойынша, 4 адамнан тұратын екі бақылау тобы құрылған. «Әрбір топта орталық аппараттың екі қызметкері, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының екі қызметкері бар. Жеке азаматтар мен заңды тұлғалар наразылығы, ескертулер мен ұсыныстары бар болса, сонымен бірге жергілікті ЖКжЖМТТ бөлімшесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тексеру тобыныңмүшелеріне тікелейкеліп жолығулары үшін облыстық департаменттерде болатын тексеру кестесі туралы ақпарат өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік корпорацияның ресми goscorp.kz сайтында жарияланатын болады»,- дейді ол.

Жұмыс тобының міндеті тек мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетудің дұрыстығын тексеру ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) мен жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасын (ЖМТ МДБ) жүргізу, жер-кадастрлық жұмыстар мен жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу жұмыстарын орындау, жер-кадастрлық және түгендеу жұмыстарының сапасы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды талдау болып табылады.

Естеріңізге салсақ, бұрын жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскелерін рәсімдеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама ережелерінің бұзылуы, ақпараттық қауіпсіздік регламенті мен қағидаларының орындалмауы анықталған. Атап айтқанда, Шымкентте қаржы бөлімінің бұрынғы қызметкері, яғни бейіні сәйкес келмейтін маманның жер учаскелері туралы деректерді өзгертуіне қатысты 14 факті анықталды. Нәтижесінде, МЖК ААЖ дерекетер базасында жер-кадастрлық істердің мұрағаттық даналары жоқ 14 жер учаскесінің мәліметтері табылды. Ал Ақмола мен Алматы облыстарында мәліметтерді бұрмалау мен ақпараттық қауіпсіздікті сактамау фактілері орын алған.

Құмарғалиев атап өткендей, қызметтік тексеру барысында жинақталған барлық материалдар әрі қарай тексеру жүргізіп, кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданатын болады. Азаматтарға арналған үкімет бастамашылық жасаған кешенді тексерудің мақсаты – мемлекеттік корпорация қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.


 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының баспасөз-қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.