«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындаконсультативтік-кеңесші кеңестің алғашқы отырысы өтті

Пятница, 25 Ноябрь 2016 05:20 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4568 раз

Консультативтік-кеңесші кеңес мемлекетттік корпорация көрсететін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды жетілдіру бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиімді басқару және бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ері, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдікәрім Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелері қатысты. Консультативтік-кеңесші кеңесте Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина басшылық етті.

Жиналыс барысында мемлекеттік корпорацияның стратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі саласы бойынша стандарттарға мұрағаттық құжаттарды сақтау мерзімін азайту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша көлік құралдарын тіркеу, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б. мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтік-кеңесші кеңес жұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестің мүшелері мемлекеттік корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарын айта алатын азаматтар болып табылады.Консультативтік-кеңесші кеңесотырысы жылына кемінде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткізіліп тұратын болады.


«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.