КЕНЕДЕН КЕЛЕТІН ҚАУІПТЕН САҚТАН!

Четверг, 16 Май 2024 11:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 194 раз

Көктем-жаз айларында өңір тұрғындары табиғат аясында демалуға, тауларға саяхат-турларға көптеп шыға бастайды. Тамылжыған табиғатта демалғанның денсаулық үшін пайдасы орасан болғанымен, сақтық шаралары да естен шықпағаны абзал. Дәл осы мезгілдерде кенеден келетін қауіп артады. Әсіресе, конго-қырым қанды қызбасы ауруы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады.

22

 

Кенелер адамға  мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады. Ауру тудыратын қоздырғыш вирустар  адам ағзасына кененің жабысып шағуы, қарым-қатынас, жанасу арқылы (ауру адамнан сау адамға қан және қан бөлінділері және кенені қолмен езу, қайшымен қию кезінде қолға қан жұғуы арқылы) беріледі. Конго-Қырым қанды қызбасы негізгі белгілері кенеттен жедел түрде басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дененің қызуы 39-41°С дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен немесе ішкі ағзаларынан қан кетеді. Терісіне бөртпелер шығып, ине салған, шымшыған жерлерде терісі көгеріп,  ауру белгілері пайда болады. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырап өліп кетуі де мүмкін. Бұл дерттің қауіптілігі сол осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады.

  Егер сізді кене шағып алған болса, онда шұғыл түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне медициналық көмекке жедел жүгініңіз.

Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Емді аурудың бірінші белгілері дене қызуы көтерілгенде бастаған абзалырақ.

Дастан ЖОРАЕВ,
Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.