Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Қала жастары «Достық» шағынауданында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі бірнеше отбасына көмек көрсетті. Қамкөңіл жандардың шаңырағына арнайы барып, хал-ахуалымен танысты.
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Абзалбек Убелтаевтың айтуынша, жастарды ізгілікке үндейтін мұндай шаралар қалада тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Айта кетерлігі, қайырымдылық акциясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің бір күндік жалақыларына азық-түлік алу арқылы іске асырылды.
Руслан Байғұл,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ Талантты жастарды қолдау бөлімінің басшысы